Архив событий

03/04/2014

Тіл жанашырлары алқалы жиында бас қосты

03/04/2014

Бірыңғай азаматтық істерді қарайтын Орал қалалық №2 сотында «Сотта мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті. Бұл шараға азаматтық даулар аса көп түсетін қаладағы «Батыс су арнасы», «Жайықжылуқуаты» акционерлік қоғамдары мен «Халық банкі», «Алянс банк», «Сбербанк Росси», «Центр кередит» сынды іргелі банктердің және Батыс Қазақстан облысының тіл басқармасы мен «БҚО сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесінің өкілдері шақырылды.

Жасөспірімдер сотында «Ашық есік күні» өтті

03/04/2014

2.04.2012 ж.

 

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік күні» өтті

Шара барысында Жоғары техникалық мектептің студенттері сот төрайымы Ф. Құрмановамен кездесті. Төрайым жастармен  кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында әңгіме қозғады.

Студенттердің сот органдарының қызметіне қатысты сұрақтарына жауап берді.