Жаңалықтар

Аудандық сотта ашық есік күні өтті

26/04/2024

Казталов аудандық сотында ашық есік күні өтті.

Бұл күні сотқа А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары келді.

Аталған шараның ресми бөлігі сот мәжілісі залында өтіп, сот төрағасының м.а Б.Жангирова қатысушыларды қарсы алды.

Спикер өз сөзінде сот жүйесінің қызметі туралы, қолданыстағы жаңа технологиялар, медиация туралы, бұдан басқа,   оқушыларды кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерімен, жасөспірімдердің қылмыс жасау салдарымен таныстырды.

Сот төрағасын құрметті доғарысқа шығарып салды

26/04/2024

Казталов ауданының әкімі А. Саркулов салтанатты жиын барысында Казталов аудандық сотының төрағасы У. Мухангалиеваны құрметті доғарысқа шығуымен құттықтады.

Жиынға қатысушылар жылы лебіздері мен тілектерін айтып, әсіресе, адал және мінсіз қызметі, кәсіпқойлығы, терең білімі мен тәжірибесі үшін ризашылық пен алғыстарын білдірді.

Судья Б. Жангирова  сот ұжымы атынан өз әріптесіне мықты денсаулық, алдағы істері мен игі бастамаларына табыс тіледі.

Судьялардың құрметті отставкаға кетуі

26/04/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  А. Избасаров салтанатты жиында  Казталов аудандық сотының төрағасы У.Мухангалиева  мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  Ш. Зайнуллинаны зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Мемлекеттік тілде құжат алмасу бойынша семинар

25/04/2024

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Бурамбаев салық органдары өкілдеріне «Мемлекеттік тіл сот жүйесінде. Кіріс-шығыс хат-хабарларды мемлекеттік тілде жолдау» тақырыбында семинар өткізді. 

Іс-шараға БҚО МАӘС мамандары мен Орал қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

А.Бурамбаев өз сөзінде, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет екендігін түсіндіріп өтті.

Кішкентай баланың денесіне зақым келтірген

25/04/2024

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен азамат «Ф»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Судьяны тағайындау

24/04/2024

Бүгін Бөрлі аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Серік Мыңбаев жаңадан тағайындалған аудандық соттың судьясы Халелов Альберт Нұрғалиұлын ұжыммен таныстырды.

Кеңеске Бөрлі аудандық сотының төрағасы, Судьялар, Сот әкімшісінің басшысы, сот мамандары, Бөрлі ауданының прокуроры қатысты.

Халелов Альберт Нұрғалиұлы, 23.05.1988 жылы Зеленов ауданы, Январцево ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2023 жылы ҚР ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

24/04/2024

А. ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3- тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілген.

 

Сотпен анықталғандай, Орал қаласының тұрғыны А. 2023 жылдың 14 маусымында Ақтөбе қаласында «кептірілген марихуана» есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласына заңсыз тасымалдап, өткізу мақсатында сақтаған.

"Нашақорлық-қоғам дерті"

24/04/2024

Жаңақала аудандық сотының төрағасы М.Бактыгулов Жаңақала және Көпжасар ауылдарында орналасқан жалпы орта білім беретін мектептерде 9-11 сынып оқушыларына "Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында дәріс оқыды. Шараға мектеп директорлары, мұғалімдер, аудандық білім беру бөлімінің басшысы қатысты.

Баспасөз хабарламасы

24/04/2024

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С. және Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оларды

ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, пышақты қолданып жасау және

Беттер