Жаңалықтар

ҮЕҰ-ның өкілдері мен медиаторлардың қатысуымен «дөңгелек үстел»

18/10/2017

Тасқала аудандық сотында кәсіпқой медиатор М.Машановтың, кәсіпқой емес медиатор Ш.Мусинның, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері «Тасқала ауданының аңшылар және балық аулаушылар қоғамы» Ю.Буданчиковтың, «Тасқала кәсіпкерлері» Н.Мамбетовтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

17/10/2017

Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық соты ЖКО-ның салдарынан көлік құралының тауарлық түрі жоғалуы бойынша шығын шамасын, материалдық нұқсанды өндіру туралы  азаматтық ісі бойынша партисипативтік  келісімді бекітті.

Алқабилердің қатысуымен үкім жарияланды

17/10/2017

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен А.Хватов пен А.Калашниковқа қатысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша істің үкімін жариялады.

Бұрын алқабилер үкімі негізінде шығарылған ақтау үкімі бұзылған.

Жәнібек аудандық сотында «Отбасы дауларындағы медиация» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

17/10/2017

Дөңгелек үстел жұмысын төраға Айвар Бижанов,  судья Нұрмұхамбет Жұмәлі, Жәнібек ауданы бойынша кәсіби емес медиатор Болат Закарин, ЖПҚ-нің бастығының орынбасары Зейнур Жұбанышев, «Акбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы  Руслан Нуралиев қатысты.

Бітімгерлік рәсімдерінің қолдануын кеңейту және Республика соттарында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді

16/10/2017

Теректі ауданының №2 соты бітімгерлік рәсімдерінің қолдануын кеңейту бойынша және бірлескен іс-шаралар әзірлеу мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді. Шараға Ақжайық селолық округ аппарытының, Теректі ауданының прокуратурасының, «Аналар кеңесі» МЕҰ-ның өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатынасты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/10/2017

Жәнібек аудандық соты тұрғын үйге заңсыз кiрумен жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2017 жылдың қыркүйек айында сотталушы көршісінің үйде жоқтығын пайдаланып, оның үйіне заңсыз кiріп, 6000  теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаған.

Мамандандырылған әкімшілік сотында медициналық куәландыру жүргізу тәртібін талқылады

12/10/2017

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас  күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Пікірлер мен ұсыныстар