Тасқала аудандық сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының қимылдарын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотында қорғаушының,  прокуратураның, пробация қызметінің өкілдерінің  және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Тасқала аудандық сотының судьясы Әлия Теберікова   сыбайлас жемқорлық  барлық мемлекеттердің  мәселесі болғаны,  онымен күресу -  әр азаматтың борышы мен міндетті екендігі атап өтті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  жол берген мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңістірілген тұлғаларға қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктер туралы және  соттың  сыбайлас жемқорлықпен қарсы профилактикалық шаралар белсенді өткізілетіні баяндады.

Тасқала аудандық  пробация қызметінің өкілінің баяндамасында  аталған бағдарлама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ҚР ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз етуге  арналғаны туралы жеткізді.

Дөнгелек үстелге қатысушылар  сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу бойынша тәсілдері туралы пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Теги: