Сот жүйесі қызметкерлерінің аттестациясы мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бекітілген кестеге сәйкес 2017 жылғы 23, 27 және 28-ақпанда  Батыс Қазақстан облысы сот жүйесінің 188 қызметкері мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының аттестациялауынан өтеді.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің персоналды басқару бөлімінің әдеп бойынша бас уәкілетті-консультанты Айдос Тоғызбаев жұмыс сапарымен келіп, соттар Әкімшісінің және облыстық соттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мамандардың қатысуымен аттестаттау жүргізу Ережесін түсіндірді бойынша кеңес өткізді.
А.Тоғызбаев атап өткендей, мемлекеттік қызметшілер нақты лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттілігінің болуы бағаланады, сондықтан алдағы аттестаттау "Б" корпусы қызметшісінің кәсіби даярлық деңгейін және оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аттестаттау арнайы автоматтандырылған бағдарлама бойынша тестілеу арқылы бірақ, заңнаманы білуге емес, мемлекеттік қызметшінің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жеке қасиеттеріне, білімі мен тәжірибесіне жүргізілетіндігін, мұндай аттестаттау тек 1 рет, нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қызметтік тізіміне енгізілетін атап өтті.

Кеңес барысында аттестаттаудың үш кезеңінен өту тәртібі талқыланып, қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының қабылданатын шешімдері туралы айтылды. Аттестациялық комиссияның хаттаманы ресімдеу мерзімдері және мемлекеттік қызметшінің шешім қабылданған хаттамамен танысуы түсіндірілді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі