Архив событий

21/02/2017

Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту жөнінде кездесу өтті

21/02/2017

Зеленов аудандық соты мемлекеттік органдардың өкілдерімен, «Ардагерлер кеңесі, жастар ассоциациясы, мүгедектер қоғамдық бірлестігі, этно-мәдени бірлестігі, Переметен қоғамдық келісім кеңесі,  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Орал қалалық сотында қызметкерлерге бірыңғай киім үлгісі енгізілді

21/02/2017

Өңірдің соттары сияқты Орал қалалық сотының қызметкерлері бірыңғай киім үлгісіне көшті. Қолданысқа енгізілген бірыңғай қызметтік киім үлгісі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетінің талаптарына сай. Бірыңғай киім үлгісі мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тәртібін нығайтуға, қоғамдық санада сот қызметкерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

«Медиация – дауларды шешу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/02/2017

Казталов ауданының №2 сотында  мемлекеттік емес ұйымдардың – «Ақсақалдар кеңесінің өкілі Шынболат Утешкалиев, «Аналар кеңесінің» өкілі Нұрлы Едекешова», бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Т.Акмурзиннің қатысуымен «Медиация – дауларды шешу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.