98 миллион теңгеден астам қаражаттағы талап медиация тәртібінде қысқартылды және 2 942 098 теңге мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты 98069 931 теңгені құрайтын берешекті өндіру туралы талапты қарады.

Іс материалдарынан 2013 жылы ЖШС мен ЖҚ арасында 5000 тоннада бидайдың жұмсақ сорттарын жеткізу туралы келісім шарт жасалғанын көреміз. Нәтижесінде талапкер тауарды төлеу бойынша міндеттемесін орындаған, бұл төлем тапсырмасымен расталады, ал жауапкерлер шарттарын жартылай орындаған. Сол себептен тараптар 2 қосымша келісім жасаған, кейіннен ол шарттарда орындалмаған.

Талап қоюшы сотқа дейінгі реттеу аясында жауапкерлерге шағым жолдаған, алайда қаражатты өндіру туралы талаптар қабылданбаған.  

Тараптар істі сот талқылауына дайындау барысында өндірістегі істі қысқарту туралы қолдаухат түсірді, өйткені жауапкерлер талапкерге бережақ қарыздарын 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін төлеуге міндеттелді, ал талапкер келісім шарттарымен келісіп, талап арыздан бас тартты.

Медиация рәсімі нәтижесі бойынша өткізлген дауды шеші туралы келісім заңға қайшы келмейтінін, ешкімнің құқығын және қорғалатын заңды мүдделерін бұзбайтындықтан өндірістегі іс қысқартылды.

Талап арызды бергендегі төленген баж, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер туралы» Кодексінің 548 б, 1 б., 1-2 т.  күшінің талаптарына байланысты, талапкерге 2 942 098 теңге мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі