Сот актілерінің орындалу сапасына қатысты семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық  аудандық сотында  Батыс  Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Э.А.Темирниязованың басшылығымен сот жұмысын ұйымдастыру және  сот актілерінің орындалу сапасына қатысты судьялар мен мамандардың қатысуымен  семинар сабағын өтті.

Семинар барысында сот жұмысының жоспары бойынша іс-шараларды   мерзімінде атқару, сот шешімдерінің заң талаптарына сай орындау, мұрағатқа өткен істердің іріктеліп сақталу және орындалу мерзімдері аяқталмаған істерді бақылауда ұстау тәртіптері туралы мәселелер талқыланды.

Шарада  қалалық соттардың мамандары О.Кадесов пен А.Кусанованың істерді қарау барысында аудио-бейне жазба құралын пайдалану және медиацияны қолдану бойынша ресімдеу тәртіптері туралы баяндамасы тыңдалды.

Іс шара  соңында қатысушылармен  келелі мәселелер талқыланып, тақырыптар бойынша нұсқаулықтар берілді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі