Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі С.Қайсарова радиотолқынының тікелей эфирінен еліміздің сот жүйесінің дамуының негізгі бағыттары туралы айтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Сауле Қайсарова «100.6 FM» радиотолқынының эфирінен Қазақстан Республикасы сот жүйесінің дамуы тақырыбында сөз сөйледі.

Тікелей эфир барысында спикер сот қызметінің ашықтығын арттыруды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың сот өндірісі саласындағы қызметтерге қолжетімділігін көтеру, сот істері бойынша барлық қатысушыларға толық ақпарат ұсыну, бюрократияны, кедергілерді азайту, істерді қарау мерзімдерін бұзуды және сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сот жүйесі дамуының негізгі бағыттарын атады.  

Сондай-ақ, сот жүйесін ақпараттандыру бөлігіндегі жетістіктері туралы айта келе, қазіргі кездегі ақпараттық технологияларды пайдалану, соттар қызметінің тиімділігі, қолжетімділігі және ашықтығы тәсілдерінің бірі болып табылатынын атады.

Бұл ретте, Жоғарғы сотының Интернет-сайты арқылы халыққа сот актілері банктеріне, "Сот кабинеті", "Сот істері бойынша анықтамалық" сервистеріне және "Талдау" форумына   қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылғанын түсіндірді.

Сондай-ақ, Жоғарғы сотының және ҚР Бас прокуратурасының пилоттық режимде бірлескен "Заңдылық" жүйесін енгізу туралы түсіндірді.

Қорытындылай келе, енгізілген ақпараттық жаңалықтар сот жүйесін әрі қарай жетілдіруге, жұртшылыққа сот жүйесі қызметі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, сондай-ақ тұрғындардың сот органдарына сенім деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі