Медиацияны қолдану аясын кеңейту бойынша кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 сотында азаматтық іс жүргізудің  жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені түсіндіру туралы Ақжайық, Анқаты, Ақсоғым, Шалқар, Шағатай селолық округтің әкімдері және сол ауылдық округтердегі кәсіби емес медиаторлары, жергілікті «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісімен кездесу өтті.  

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Усманов семинарға қатысушыларға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу, азаматтардың сот шығындарын азайту, тұрғындардың дауды соттан тыс шешуге мүделіліктерін анықтау айтты. Пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттерін , оны жүргізудің қағидаттары, іске асыру және медиация жүргізу тәртіптері туралы толыққанды түсіндірілд.

Шақырылған қонақтар пилоттық жобаны толық қолдайтындықтарын,  бұл жобаның қажеттігі мен уақытында шығып отырғаны туралы айтты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі