Қылмыстық процесте медиацияны қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шығынның өтелгенін, жәбірленуші екеуі арасында медиация рәсімі бойынша келісім жасалғанын айтты.  

ҚР «Медиация туралы» Заңының 27 бабының 7 бөлігінде, дауды (дау-шарды) «Медиация туралы» Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын   мән жай болып табылатыны көзделген.

ҚР ҚК-нің 68б. 1б. сәйкес ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Қылмыстық іс бойынша өндіріс тараптардың келісімге келуіне байланысты ҚР ҚК-нің 68б. 1б. сай медиация тәртібімен қысқартылып, Панин қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі