Мемлекеттік тілді арттыру мақсатында ҮЕҰ қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.   

Шара жұмысына сот төрағасы Біржан Мәмбетов, судья Раушан Исмаилова , «Қазақ тілі» ҮЕҰ басшысы А.Әбдулманов және кеңсе мамандары  қатысты.

Шараны сот төрағасы ашып, сот  өндірісіндегі мемлекеттік тілдегі қолданылуы туралы статистикалық мәліметтерді жариялап, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екенін атап өтті.

Конституциямен және қылмыстық процестік заңнамасымен бекітілген сот ісін жүргізуде тіл қағидасын сақтау тілді нығайтуда аса маңызды.

 «Қазақ тілі» ҮЕҰ басшысы А.Әбдулманов сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы күн өткен сайын артып келетінін айтып, іске  қатысатын аудармашыларға талап жоғары екенін, сондықтан мемлекеттік тілді білу деңгейін нығайту үшін оқыту жұмыстарын арттыру қажет екендігін тілге тиек етті. Аудару техикасынан бөлек аударманың дұрыстығы үшін заңгерлік, медициналық, физикалық, ғылыми және тағы басқа да мамандықтары туралы хабарлы болуы қажет.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуын талқылады.

Дөңгелек үстел қортындындылай келе, қатысушылар мемлекеттік тілді қолдану бағытындағы жұмысты күшейтіп, аталмыш шараларды жиі өткізу туралы тұжырымға келді.

 

  

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі