Көші-қоны саласындағы заңнама бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық сотында 2017 жылдың 9 айы ішінде халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша  12 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен 12 шетел азаматтары Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  517 бабы бойынша  құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, соның ішінде 5 азаматқа әкімшілік айыппұл, 3 азаматқа әкімшілік қамауға алу, 4  азаматқа Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы әкімшілік жазасы тағайындалған.

 Осылайша, қазан айында бір күннің ішінде Шыңғырлау аудандық соты Өзбекстан Республикасының алты азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот отырысы барысында  олардың уақытша тіркелгендігі және кіру мақсаты өзге болып көрсетілгендігі, көші-қон жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз, шаруашылық қожалығында заңсыз жұмысшы болып жұмыс істегендігі анықталған. Осы азаматтардың барлығы дерлік, Қазақстан Республикасы аумағына шетелдiктердiң келуінің және онда болуының заңнамасын бұзған.

Сот  қаулысымен барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы  5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оларға қатысты  Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу  түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

 

Источник: 
батыс