Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан  облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және «TUGURYM»  қоғамдық бірлестігі    өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті.

Меморандум бекітудегі негізгі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында ортақ шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Тараптар балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етіп, тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізуге және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша тиімді тәжірбиемен бөлісуде ортақ қызығушылық танытып отыр.

Меморандумға қол қойған ювеналды сот төрайымы Слуқаным Қадралиева кәмелетке толмаған балалардың  мүдделерін қорғау мәселесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара бірігіп жұмыс істеуінің маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, бекітілген меморандум аясында нәтижелі жұмыс істеуге үміт артатындығын білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі