Қазақстанда гендерлік саясатты дамыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарылық сотында  «Аймақтық әйелдерді қолдау орталығының»  қоғамдық бірлестігінің өкілі А.Оразғалиеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.         

Шара соттың төрағасы Қ.Шалқаровтың төрағалығымен өтті. Ол сөзінде халыққа жолдауында және стратегияларда, қоғамдық бағдарламаларда  мемлекет Басшысының өзі әйелдің рөлін насихаттауды қолдағанын айтып өтті.

Судья Н.Губашев семинар сабағын ашып, гендерлік теңдік- бұл ерлер мен нәзік жандылар арасындағы құқықтық теңдік мақсатына жетуді болжайтын концепция деп атап айтты.

«Аймақтық әйелдерді қолдау орталығының»  қоғамдық бірлестігінің өкілі А.Оразғалиева қазіргі уақытта еліміздің гендерлік саясаты әлемдік үрдістер бойынша жаңғыртылуда және қоғамдық саяси құрылымдарда әйелдердің қатысуын арттырудың маңызды аспектілері бойынша жеткілікті құқықтық база қалыптастыруда екенін жеткізді.

Қатысушылар Қазақстандағы гендерлік саясатты дамытуды қолдайтын бағдарламалық құжаттарды талқылады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: