Экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Н.Сейдахметова өз сөзінде Елбасы ұсынған мақаласында идеялогиялық тұжырымдамасы мен стратегиялық бағыттарын айқындап, біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын алға қойғанын айтты. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары елді жаңғырту, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту және халықты  ортақ мақсатқа жұмылдыру туралы пікірлерін ортаға салды.

Семинар соңында Президент белгіленген қадамдар барлық қазақстандықтар үшін тәуелсіздік жетістіктерінің және жарқын болашаққа ұмтылыстарының негізгі бастамасы болмақ екені аталды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: