Дариянда пробация қызметінің бақылауында тұрған тұлғалармен әлеуметтік оңалту мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дариян ауылдық округінің әкімдігінде Зеленов аудандық №2 аумақтық бөлімінің пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар және пробация қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу шеңберінде " 100 нақты қадам "ұлт Жоспарын іске асыру барысында, пробация қызметінің одан әрі жетілдіру мақсатында оны дербес институт етіп бөлу, шараны іске асыру бойынша жүйелі негізде, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту жұмысқа орналастыру тұрмыстық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Шараға Зеленов аудандық №2 сотының судьясы Е.Нұрсұлтанов, әкімдік қызметкерлері және Зеленов ауданы прокуратурасының өкілі, сонымен қатар Дариян ауылдық округі қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жазаны орындау кезінде туындайтын қиыншылықтардың шешу жолдарын талқылады.  Судья Е. Нұрсұлтанов «ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай Рақымшылық туралы» Заңының қатысушыларға қолдану тәртібін түсіндіріп, сот актілерін уақтылы бұлжытпай орындау  халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сот билігінің беделін арттыруға әсер етенінін түсіндірді.  

Талқылау нәтижесі бойынша пробация қызметкерлері туындаған мәселелерге түсініктеме берді. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі