Берешек соманы өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты «Қалатас» ЖШС талап арызы бойынша Тасқала ауылының тұрғынынан берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс оңайтылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарады. ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, «Қалатас» ЖШС тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасын іске асыруға өкілетті заңды тұлға болып бекітілген. Аталған бағдарламаға сай жауапкер тұрып жатырған үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, ай сайын төлемі 137 820 теңгені құраған, бірақ қаңтар айында төлем төленбеген.

АҚ-нің 272 бабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен  заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

ҚР АПҚ-нің 146 бабының 3 бөлігінің негізінде, сот жауапкерлердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ.

ҚР АПК-нің 146-бабының 5-бөлігіне сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот іс материалдарын зерттеп, талапты толығымен қанағаттандырып, жауапкерден «Қалатас» ЖШС пайдасына 137 820 теңге берешек сомасын және  мемлекеттік кірісіне 4 135 теңге мемлекеттік баж өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі