Азаматтық іс жүргізуде медиацианың рөлі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсай қаласында «Азаматтық іс жүргізуде медиацианың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық сотының судьялары кәсіпқой емес медиаторлар, әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Бөрлі аудандық сотының төрағасы м.а. Л.Шамғонова шараны алғы сөзбен ашып, татуласу рәсімдері қазіргі уақытта республика соттарында аса маңызды бағыттардың бірі екенін атап көрсетті. Соттардың дауды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етуі азаматтық сот ісін жүргізу дәрежесіне көтерілді.

Спикер Астана қаласында өткен Қазақстан халық Ассамблеясы ұлттық форумында қоғамдық келісімге арналған медиация  Қазақстан Республикасында медиацияның дамуы туралы Концепциялық жобаны дайындау, оны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары   қабылданғанын хабарлады.

 Судья Г.Кожабекова өз баяндамасында республика соттарында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылып жатқанын атап, осы жоба тәртібінде қаралып жатқан істердің тәжірибесіне тоқталды.

Судья С.Есжанов жаңа азаматтық процессуалдық іс жүргізу кодексі  бұрынғымен салыстырғанда, сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін, оның ішінде медиация және партисипативтік рәсімнің ауқымын кеңейткенін атап айтты.

Бөрлі ауданында медиацианың дамуы туралы  Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы Д.Джармуханова айтып берді. 2016 жылы және 2017 жылы 4 ай ішінде кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен сотқа дейінгі сатысында 399 дау шешілді. БҚО ҚХА есеп беру отырысында 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Ақсай қаласы Нұр Отан ғимаратында (Окаева Б.А.), Пугачево ауылы с/о акиматында (Сельбаева М.Х.) орналасқан медиация кабинеттері ең жақсы деп танылған.

Медиаторлар М.Селбаева, К.Жұмабаева және Б.Окаева форумда сөз сөйлеуге  және ауданда медиация институтын көтермелеуге мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Тарлан» және «Ақсай жастары» ЖБ-нің өкілдері  медиаторларды тарту арқылы жастар арасында медиацияны қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуге өздерінің дайындықтарын білдірді.

«Дөңгелек үстел» барысында бағдарламадағы белгіленген барлық мәселелер бойынша конструктивтік диалог өтті. Медиация институтын насихаттау мақсатында жергілікті телеарнада медиация туралы жарнама бейнероликтері көрсетіліп, ал Ақсай қаласының бас көшелерінде билбордтар  орнатылғанын хабарлады. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдарына интернет-ресурстарында «Медиация туралы  Заңын түсіндіру және оны қолданудың артықшылықтары қолдану туралы ақпараттар орналастыруға, газет беттерінді  «Медиатор бұрышы» атты тұрақты айдар ашуға ұсыныс білдірілді.

Шара қатысушыларға «Медиация – бұл дауды медиатордың қатысуымен шешу» атты бейнеролигі көрсетілді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі