Сот процесінде аудио-бейнежазба құралдарын қолдану бойынша семинар өтті
БҚО МАЭС-да сот әкімшісі және сот мамандарының қатысуымен «Аудио-бейнежазбасы қолданылған сот отырысы хаттамасын жасақтау тәртібі» тақырыбында сот процестерінде аудио-бейнетіркеу жүйесін сапалы қолдану, сот отырысының уақытылы басталуы, сондай-ақ АБТ жүйесін қолдана отырып сот процестерін тағайындау мен өткізу бойынша есепті қалыптастыру мәселелерін зерделеу мен талқылау мақсатында семинар өтті.