Тасқала

Аудандық және оған теңестірілген соттар 2019 жылғы атқарылған жұмыстарын қортындылады

17/01/2020
 
Ақжайық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы судья Асхат Гапуов  2019 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысты қортындылау туралы брифинг өткізді.

Аудандық соттарда «Ашық есік күні» өткізілді

25/10/2019

25 қазан 2019 жылы Ақжайық аудандық сотының ғимаратында соттарда сот төрелігіннің жеті түйіні, сот қызметін жүзеге асыру, сонымен қатар 2019 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыс қортындысы бойынша ашық есік күні өтті.

Аудандық соттарда сот төрелігін атқарудың 2014 жылғы жұмысы қорытындыланды

23/01/2015

Тасқала, Казталов, Қаратөбе және Жаңақала аудандық соттарында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингте сот төрағалары тілшілерге сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шараларды қорытындылап, сот өндірісіне түскен және аяқталған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен олардың қарау нәтижелері туралы статистикалық мәліметтер келтіріп, қоғамдық серпіліс тудырған істер туралы айтып берді.

Медиация тәртібімен татуласты

18/12/2014

Тасқала ауылының тұрғыны өз атына жекешелендірілген үйден күні бүгінге дейін тұрып келе жатқан, бұрынғы жолдасын шығаруды сұрап, сотқа жүгінген.

Сот отырысында талапкер бұрынғы жолдасымен араларындағы дауды кәсіпқой емес медиатор арқылы шешіп, өзара татуласып, ҚР «Медиация туралы» Заңына сәйкес жасалған «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, бекітуді және істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Студентке күш көрсеткен

15/12/2014

 

Таскала ауданының Тасқала ауылында Е.Иденов күш көрсету арқылы жергілікті колледж студентінің 2000 теңгесін тартып алған.

Тасқала аудандық сотының үкімімен Е.Иденов ҚР ҚК-нің 181 бабы 2 бөлігінің «а» тармағы бойынша айыпты ден танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соғыс кезінде жұмыс істегені анықталды

12/12/2014

Арыз иесі Ситказиев К.М. Ұлы Отан Соғыс кезінде 1944-1945 жылдары көктемгі-жазғы мерзімдерде Камен ауданының «В.И.Ленин атындағы» колхозында жұмыс жасағанын көрсетіп, 01.04.-01.10.1944 және 01.04.-09.05.1945 жылдардағы еңбек еткен өтілімді заңдық маңызды факті деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Осы жылдар аралығында ол қой, қошақандар бағып, шөп жұлып, көкөністерге су құйып, егін жинаумен айналысқан.

Медиация тәртібімен татуласты

11/12/2014

 

Сотталушы К.Чупиков Тасқала ауылылындағы дүкенінде болып, сатушының үстел үстінде жатқан ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация заңнамасына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған  «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.           

Сотталушы К.Н.Чупиков өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық келісімі негізінде мәмілеге келгендерін айтып, істі қысқартуды сұраған.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

10/12/2014

 

Тасқала ауданында ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Алайда, сот отырысында әйелі мен күйеуі араларындағы істі кәсіби емес медиатор арқылы шешіп, «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды. 

Көршісіне сыйламаушылық танытқан

10/12/2014

 

Құқық бұзушы П.М.Букаткин  арақ ішкен, мас күйінде  көршісінің үйіне келіп, есігін теуіп, үй иесін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен П.М.Букаткин   ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 5 556 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Көлік басқару құқығынан айырылды

27/11/2014

 

Құқық бұзушы Е.У.Габдушев Тасқала ауылында «ВАЗ-21013»  автокөлігін алкоголь ішкен мас күйінде басқарып,  тұрғын үйдің қоршауына соқтығысқан.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып,  әкімшілік жаза ретінде 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Беттер