Соғыс кезінде жұмыс істегені анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыз иесі Ситказиев К.М. Ұлы Отан Соғыс кезінде 1944-1945 жылдары көктемгі-жазғы мерзімдерде Камен ауданының «В.И.Ленин атындағы» колхозында жұмыс жасағанын көрсетіп, 01.04.-01.10.1944 және 01.04.-09.05.1945 жылдардағы еңбек еткен өтілімді заңдық маңызды факті деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Осы жылдар аралығында ол қой, қошақандар бағып, шөп жұлып, көкөністерге су құйып, егін жинаумен айналысқан. Оның соғыс кезінде  жұмыс жасаған еңбек өтілімін растайтын ешбір құжаттар жоқ, алайда, оның жұмыс жасағаны туралы сол жылдары  «В.И.Ленин атындағы» колхозында  бригадир болып жұмыс істеген Ф.Г.Сальников растай алады. Осыған байланысты соттан соғыс жылдары еңбек еткен өтілімінің заңдық маңызды фактісін анықтау туралы өтінішін қанағаттандыруды сұраған.

Тасқала аудандық сотының шешімімен арызданушы К.М.Ситказиевтың арызы қанағаттандырылып,  соғыс жылдары жұмыс жасағаны фактісі анықталды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі