Аудандық және оған теңестірілген соттар 2019 жылғы атқарылған жұмыстарын қортындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Ақжайық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы судья Асхат Гапуов  2019 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысты қортындылау туралы брифинг өткізді.
Шараға  аудандық прокурордың аға көмекшісі, әділет басқармасының басшысы және полиция бөлімінің,  БАҚ-ның  өкілдері мен сот қызметкерлері қатысты.
Шара барысында судья  Асхат Гапуов 2019 жылдың 12 айында  сотпен қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша  есептік  статистикалық деректер қортындысын жариялады.      
Сонымен қатар, ӘҚБтК-не  өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізіп, істердің жылдам  уақытылы шешім табуына бағытталған  жұмыстарды атап, азматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сот, құқық қорғау органдар саласында жүріп жатқан реформалар туралы айтып өтті.
 Қатысушылар  шара соңында қойылған сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырылған кездесуге алғыстарын білідірді.

 

Тасқала аудандық сотының төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев 2019 жыллдың 12 айында  сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өткізді
Шараға прокурор Қайырбек Темірбай, полиция бөлімі бастығының орынбасарларыы Ерлан Хакимов пен Асылбек Каримов, ЖПП инспекторы Бахтияр Кубаев, полиция учаскелік инспекторы Жасқайрат Таубаев, кәсіпқой емес медиатор Алибек Шушанов және  «Екпін» аудандық газетінің тілшісі Асемгүл Бекешева қатысты.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстары туралы есептік көрсеткіштерін хабарлап, 2019 жылда сотпен 28 қылмыстық,  224 азаматтық және 439 әкімшілік істер аяқталғаны айтты.
Спикер татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мақсатында, медиация тәртібімен 10 қылмыстық немесе 35 %, 18 азаматтық немесе 8% және 43 әкімшілік іс немесе 9,7% қысқартылғаны атап өтті.
 Бұдан басқа, "Татуласу: сотқа дейін, сотта" пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде сотқа дейінгі дауларды реттеу жұмыстары  жақсы нәтижелерін көрсеткен. Медиативтік рәсімдерін белсенді енгізу және  медиацияны  қолдану саласын кеңейту мақсатында, неке-отбасылық қатынастар саласындағы дауларды  шешу үшін «Отбасылық сот» пилоттық жоба іске асырылды. Тасқала ауданының ауылдық округтарында дауды шешетін құрметті ақсақалдардың қатарынан Билер Кеңесін құрылғаны айтты.2019 жылда   «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде билердің, медиаторлардың және отбасылық психологтардың көмегімен сотқа дейін 5 отбасы бейбітшілік жолмен дауларды шешті. Даулар мен жанжалдарды сотқа дейін және соттан тыс реттеуді жан-жақты қолдану бойынша өзара іс-қимылды, татуластыру рәсімдерін насихаттау мақсатында 2019 жылдың сәуір айында Тасқала ауданында «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Татуласу орталығы ашылды.
Сонымен бірге, «Түнгі сот» пилоттық жоба іске асырылып, аталған жоба отбасы-тұрмыстық қатынастары саласында,  денсаулыққа қасақана  жеңіл зиян келтіру, ұрып соғу, жол қозғалысы ережелерін бұзу саласындағы әкімшілік істер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатың тұлға кінәсін мойындаса және жазбаша келісім берсе, сағат 18.30 бастап 22.00 дейін  тұлғаға қарсы істі «Түнгі сотпен» қарайтын мүмкіндік бар. Статистикалық есептеріне сай «Түнгі сот» пилоттық жоба шеңберінде  аудандық сотпен 32 әкімшілік құқық бұзушылық іс аяқталды.
Сот төрағасы брифинг қатысушыларына өткен жылдың 12 айында  сотпен 18 қылмыстық іс немесе 64 пайыз, 95  сот бұйрығын іс жүргізу және оңайтылған (жазбаша)  тәртібімен азаматтық іс немесе 42 пайыз  электронды форматта аяқталғаны хабарлады.
Брифинг сонында төраға Асланбек Дүйсенғалиев шараға қатысушылардың қойылған сұрақтарға жауап беріп, республика сот жүйесінде реформаларын  одан әрі жариялау бойынша тығыз ынтымақтастықты тіледі.
 
Жәнібек аудандық сотында жергілікті атқарушылық, құқық қорғау органдарының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің қатысуымен 2019 жылдың жұмыс қорытыңдысына арналған баспасөз конференциясы оздырылды.
Іс шараға Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Д.Кушанова, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Д.Кушанова, Жәнібек аудандық полиция бөлімінің өкілдері М.Б.Бисаков, А.Т. Абуов, М.Қ.Ермегалиев, Жәнібек аудандық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы Қ.Ж.Абдуллин, Жәнібек ауданының көшу-қону қызметінің өкілі Ж.С.Махсотов  және «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі А.Куангалиева қатысты.
Аудандық сот төрағасы Жамантаева Асель Жумагуловна шараны ашып, аудандық сотпен өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Өз баяндамасында төраға 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы қаралған азаматтық, әкімшілік, және қылмыстық істердің саны артқанын, сонымен қатар, жыл бойы «Отбасылық сот» және «Түнгі сот» пилоттық жобалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылғанын, қазіргі таңда сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, сот саласының соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру,  сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу соттардың басым бағыттары екенін айтып өтті.
Қатысушылар тақырыпқа қатысты өз пікірлерін айтып, аудандық соттың жұмысына оң бағаларын берді.
 
Бокейорда аудандық сотының төрағасы Гүлжиһан Сағитова  жыл қорытындысы бойынша хабарлама жасады.
Сот төрелігінің сапасы қағидатын басшылыққа алған аудандық сот 2019 жылы 39 қылмыстық, 111 азаматтық, 255 әкімшілік іс қараған. 
Былтырғы жылмен салыстырғанда іс саны айтарлықтай азайған.
Ең көп қаралған іс - қарыз өндіру ісі екен. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ – ның «Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша бережақты өндіру туралы талап арыздары жиі қаралған. 
Көбейіп отырған қылмыстың қатарын жала жабу, қадір-қасиетін қорлау және бөтен мүлкін жасырын ұрлау қылмыстары құрайды.
Медиация жолымен келісімге келіп, бітіммен аяқталған іс саны көңіл қуантады.
Азаматтық істің 49,1%, қылмыстық істің 56,7%, әкімшілік істің 62%-ы тараптардың татуласуымен шешілген.
Шара барысында сот саласындағы, заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсінік берілді.
 
Қаратөбе аудандық сотының төрағасы Мереке Шүкіров  аудандық билер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиевтың, Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мухитовтың, участкелік полиция инспекторларының, аудандық маслихат хатшысы Қадіржан Сүйеуғалиевтың, аудан әкімі аппараты өкілі Набира Марбанова, ҮЕҰ және «Қаратөбе өңірі» саяси-қоғамдық газетінің редакторы Маралбек Амантаевтың қатысуларымен 2019 жылдың 12 айының қорытынды жұмысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді.
Баспасөз  мәжілісінде сот төрағасы М.Шүкіров қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді  қараудағы  сот төрелігін жүзеге асыру деректеріне  және заңдылықтың сақталу  жағдайына сонымен қатар сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталып өтті.   
Жұртшылық арасындағы кәсіпқой емес медиаторлар мен билердің роліне тоқталып, олардың қызметі қоғамда қақтығыстардың төмендеуіне ықпал етіп, қоғамдық келісім мен бүкілұлттық бірліктің нығаюына оң әсерін тигізетінін айтты.       
Шара барысында сот төрағасы Мереке Шүкіров және судья Олжас Мералиевпен заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсінік берілді.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы қатысушылардың тарапынан туындаған  барлық сұрақтарына жауап берді.
 
Казталов аудандық сотында 2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс  қорытындысы  бойынша «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.
Іс шара барысында сот төрағасы Р.Хайырбеков өткен жылмен салыстыра отырып 2019 жылдың 12 айында қаралған істердің статистикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
Статистикалық мәліметтерге сай, аудандық сотпен 2019 жылдың 12 айында 35 қылмыстық іс, 105 азаматтық іс, 164 әкімшілік іс қаралып, істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.
Статистикалық мәліметтерден басқа, сот төрағасы электрондық сот төрелігі және сот ісін жүргізуді оңайлату бағытындағы жаңа технологиялар туралы, Жоғарғы Соттың «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобалары бойынша мағлұмат беріп, сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айындада енгізілген заңнамалық өзерістерді түсіндірді.
 
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аумақтық БАҚ өкілдеріне 2019 жылдың 12 ай жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Брифингке «ТДК-42» телеарнасының тілшілерімен, «Мой город», «Уральская неделя», «Пульс города», «Надежда», «Жайық Пресс» журналистері қатысты.
Төраға м.а. Б.А.Ермаханов статистикалық мәліметтерді жариялап,   2019 жылдың 12 айында соттың өндірісінде 68 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс түскенін көрсетті.  Өткен жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш өзгерілмеген, тек тұлғалардың саны өскен (38/54).
2018 жылдың  қалдығын (3/15) ескере, 60 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс қаралумен аяқталған. 58 тұлғаға қатысты 29 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, соның ішінде 57 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі, 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды.
 57 сотталғандардың 50 тұлғасына бас бостандығынан айыру жаза тағайындалып, 4 тұлға бас бостандықтарынан шектелді, 3 тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылды.
1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс прокурорға қайтару туралы, 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолдау туралы қаулылар шығарылды.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел адамдардың қатысуымен және кәмелет жасқа толмаған қылмыстық істердің санаттарының саны  жарияланды.
2019 жылдың 12 айында алқабилердің  қатысуымен 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қаралған.
Төраға м.а. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, брифингке белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

 

«2019 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары» тақырыбында Бәйтерек аудандық сотында брифинг өткізілді.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудан тұрғындары, сондай-ақ "Ауыл Тынысы" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Бимұханов қатысты.
Сот төрағасы Роза Сариева іс-шараға қатысушыларды 2019 жылғы сот жұмысының қорытындылары мен сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары туралы хабардар етті.
Спикер 2018 жылы сотта 342 азаматтық істер қаралғанын,  ал өткен жылы сот өндірісінде 352 азаматтық іс аяқтағанын атап өтті, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен қаралғаны 67 іс, бұл  жалпы аяқталған істер санынан - 18,9 %  құрайды. 42 іс өндірістен қысқартылған, оның ішінде 3 іс бітімгершілік келісімге келу, 27-сі медиация тәртібін қолдану арқылы, 12-сі талап арыздан бас тартуына байланысты аяқталған. Медиация тәртібімен аяқталған істердің саны 29.6 % өскен.
Өткен жылы сотқа түскен қылмыстық істердің саны 16 % - ға азайған. 2018 жылы қаралған 50 іске қарсы былтырғы жылы 42 қылмыстық іс өндірісте аяқталған. Үкім шығарумен 28 іс қаралған. Медиация тәртібі арқылы татуласумен аяқталған істердің саны ұлғайған, 13-ке қарсы 7 іс.
Әкімшілік істер бойынша өсу үлесі 16.7% құрайды. Өткен жылы 394 іс аяқталған болса, 2018 жылы 328 іс аяқталған. Тараптардың татуласуына байланысты 2018 жылы қысқартылған 32 іске қарсы, өткен жылы 48 іс өндірістен қысқартылған. Өсім 33.3 % құрады.
Сот төрағасы қатысушылардың назарын тараптардың татуласуына байланысты 2019 жылы аяқталған істердің өсу үрдісіне аударып, бұл қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қойған міндеттерге байланысты – деп, атап өтті.
Брифинг барысында сот төрағасы журналисттің сұрақтарына жауап берді.          

 

Орал қаласының №2 сотымен 2019 жылда соттағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы брифинг өтті.
Іс-шараға соттың төрағасы мен судьялары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сот  төрағасы Азамат Борамбаев  шараны аша отырып, өз сөзінде ол сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.
Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша азаматтық  істердің нәтижелері туралы сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асыруында оңды өзгерістер бар екенін  және бірқатар көрсеткіштер жақсарғанын атап өтті.
Сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, азаматтық істердің маңызды мәселелері туралы баяндады.
Орал қаласының №2сотына 2019 жылы 14410 талап арыз келіп түсті, жыл соңына қаралмаған арыздар саны – 89.  Жалпы  қаралған азаматтық істер саны – 13098, шешім шығарылғаны – 6901, арбитраждық сот шешімін бұзу туралы ұйғарым – 69, оның ішінде сот бұйрығы шығарылғаны 2476, оның қағаттандырылғаны – 5357, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылғаны – 1613, сырттай қаралған істер – 3, қысқартылған немесе жазбаша түрде қаралғаны 2272 іс.
Сонымен қатар,  2019 жылы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралары қабылданғанын атап өтті.
Сотқа жүгінген азаматтардың көпшілігі азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа мәселелерді қамтыған.
Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді.
Барлық сұрақтарға сот төрағасымен толық әрі жан-жақты заңды жауап берілді.
Кездесу соңында сот төрайымы осындай сот төрелігіне қол жеткізуді жеңілдету және көптеген проблемалық мәселелерді шешу үшін жүргізіліп жатқан жаңалықтар, реформалар туралы азаматтардың хабардар болуына ықпал ететінін атап өтті.
 
Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Тамара Гумарова  2019 жылдың 12 айында  сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кездесу өткізді
Шараға прокурор М.Утемисов, №2 аудандық  пробация қызметінің инспекторы Ә.Ә.Кеңес, Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері, кәсіпқой емес медиатор О.Жексенбаев қатысты.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстары туралы есептік көрсеткіштерін хабарлап, 2019 жылда сотпен 30 қылмыстық,  114 азаматтық және 179 әкімшілік істер аяқталғанын айтты.
Спикер татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мақсатында, медиация тәртібімен 2 қылмыстық , 42 азаматтық және 35 әкімшілік іс  қысқартылғанын атап өтті.
Былтырғы жылмен салыстырғанда іс саны айтарлықтай азайған.
Қаралған істердің негізгі санаты – неке бұзу мен қарыз өндіру істері екен.
Статистикалық мәліметтерден басқа, сот төрағасы электрондық сот төрелігі және сот ісін жүргізуді оңайлату бағытындағы жаңа технологиялар туралы, Жоғарғы Соттың «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобалары бойынша мағлұмат беріп, сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айындада енгізілген заңнамалық өзерістерді түсіндірді.
Кездесу сонында төраға Т.Гумарова шараға қатысушылардың қойылған сұрақтарға жауап беріп, республика сот жүйесінде реформаларын  одан әрі жариялау бойынша тығыз ынтымақтастықты тіледі.
 
 
БҚО Бәйтерек ауданының №2 сотында «Ауыл тынысы» аудандық газетінің тілшісі қатысуымен сот жұмысының 2019 жылғы 12 айылық бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
Мәселен, есепті кезеңде сотта барлық 97 қылмыстық іс, 490 азаматтық және 631 әкімшілік іс қаралды.
Сондай-ақ спикер дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі, татуластыру рәсімдері мен соттағы инновациялық технологиялар туралы айтып, аталған мерзімде 115 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылғанын, оның ішінде 6 қылмыстық, 34 азаматтық және 75 әкімшілік іс қысқартылған.
Баспасөз-мәслихат соңында Б.Жәңгірова келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін аттыру үшін барлық шаралар қолданылатынын айтты.

 

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі