Аудандық соттарда «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25 қазан 2019 жылы Ақжайық аудандық сотының ғимаратында соттарда сот төрелігіннің жеті түйіні, сот қызметін жүзеге асыру, сонымен қатар 2019 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыс қортындысы бойынша ашық есік күні өтті.

Ақжайық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Амерхан Куликешев  2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша,статистикалық деректерді қолдана отырып,  атқарылған жұмысты қортындылау туралы баяндама жасады.  

Аталған шараға  Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақжайық ауданының кәсіпқой емес медиаторлары, БАҚ өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев өз сөзінде сот төрелігінің жеті түйіні, сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар, шара барысында қатысушы азаматтардың азаматтық-құқықтық реттеу, мал ұрлығы фатілеріне,  сонымен қатар түнгі уақыттағы мал қағу жол-көлік оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың әрқайсысына толық жауаптар заңнамамен түсіндірілді.

Халықпен кездесу азаматтарға сауатты жауап алуға, әділеттілікке сенуге мүмкіндік береді.           

Қатысуышлар өткізілген тиімді шараға алғыстарын білдірді.

 

Қаратөбе ауданы маслихатының мәжіліс залында  Қаратөбе аудандық сотының  ұйымдастыруымен  Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сот төрелігінің атқару сапасы және 2019  жылдың 9 айында  атқарылған жұмыстар  бойынша азаматтар үшін «Ашық есік күні» атты  іс-шара өткізілді.

Шараға  Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Алибек Ахметов, Қаратөбе аудандық сотының судьясы Олжас Миралиев Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан әкімі аппаратының бөлім  басшылары, БАҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпқой емес медиаторлар, билер кеңесінің  мүшелері, қоғамдық кеңестердің төрағалары мүшелері  қатысты. 

Сөз сөйлеген сот төрайымы Бақытгүл Жангирова қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді  қараудағы 2019 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша сот төрелігін жүзеге асыру  туралы  статистикалық  деректеріне тоқталды.

Ол аудандық соттың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша негізгі жұмыс көрсеткіштерін келтіріп, сот жүйесінде ақпараттық технологиялар, татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту және одан әрі дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

Атап айтқанда, аудандық сотпен өткен кезеңде қаралған 73 азаматтық істің 9-ы, 15 қылмыстық істің 7-і, 188 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің 18-і татуласу рәсімдерін қолдану арқылы тоқтатылды. Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында Ұстаздар үйінде Татуласу орталығы ашылды.

Сондай-ақ, спикер аудандық сотпен  сот шешімдері мен қаулыларының сапасын жетілдіру  бағытында,  жемқорлық  көріністеріне қарсы  атқарылған   жұмыстарды, «Түнгі сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобаларын іске асыру бойынша  түсіндірді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Алибек Ахметов аудандық соттың 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп жиналғандардың назарын сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға, атап айтқанда, сот шешімдерінің сапасын арттыруға, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге, электрондық сот төрелігі мен татуласу рәсімдерін одан әрі дамытуға бағытталған шараларға аударды. Дауларды сотқа дейін екі жақты реттеу бойынша медиаторлар мен билер кеңесі жұмысының  маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында   қатысушылардың тарапынан   сұрақтар түскен жоқтуындаған жоқ. жауап берді.

Бәйтерек аудандық сотымен Бәйтерек ауданы әкімдігінің ғимаратында 2019 жылдың 9 айында соттардағы сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Батыс-Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаев   қатысып, өз сөзінде  сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне, соның ішінде  «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Смарт сот», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Отбасылық соты» пилоттық жобаларына тоқталды.

Ашық есік өткізу аясында  Бәйтерек аудандық сотының төрағасы Роза Сариева сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің нәтижелері мен соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы қатысушыларға хабарлама жасады. 

Сот ісін жүргізудегі басты мақсат – халықтың сотқа деген сенімін арттырып, сот төрелігінің сапасын жақсартуға бағытталған сот жүйесіндегі оңды өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде мәлімдеді.

Шараға қатысқан азаматтармен қойылған сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, сот актілерін орындау тақырыптарына қатысты  болды. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар берілді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаев Бәйтерек аудандық сотының ғимаратында өткізілген ашық есік күніне қатысты. Сот ғимаратында орналасқан отбасылық және медиация кабинеттерімен танысты. Оған қоса ауыл Биі Қадырбай Абдушевпен және медиатор Мұрат Кужумовпен кездесті.  Кездесу барысында  татуласу рәсімдерін  қолдану аясын кеңейту мүмкіншіліктері талқыланды.

 

Бүгін Жаңақала ауданының мәдениет үйінде 2019 жылдың 9 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы ашық есік күні өтті.

Шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Махамбет Бақтығұлов, сот төрағасы Сабыржан Есжанов, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, сот қызметкерлері, прокуратура, полиция бөлімінің, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, медиаторлар,  Билер кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева шараны аша отырып, күн тәртібімен таныстырды.

Сот төрағасы С.Есжанов сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, қазіргі уақытта сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру,  сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу-сот жұмысының басым бағыттары туралы баяндама жасады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы М.Бақтығұлов өз сөзінде сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.  

Сонымен қатар, шара барысында медиатор Р.Апахаева сөз алып, даулар санының төмендеуі, қоғамдық шиеленістердің азаюы, татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктерінің сотқа дейінгі дауларды шешудегі кеңею аясы туралы айтып өтті.

Шара соңында қатысушылардан сұрақтар қойылды. Сұрақтар қылмыстық тергеп-тексеру мәселелері, ұсақ-бұзақылық және тағы басқа тақырып аясында болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды.

 

Тасқала аудандық сотымен «Ашық есік күні» өткізілген. Шараға облыстық сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаев, ауылдық округтарының әкімдері, Билер кеңесінің  төрағасы мен мүшелері, кәсіпқой емес медиаторлар және мемлекеттік органдары мен аудандық қоғамының өкілдері қатысты.  

Сот төрағасы ағымдағы жылдың 9 айында қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштері туралы атап өтіп, Президенттің Жолдауы, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын және Жоғары Сот Төрағасының сот-құқықтық жүйесіне берілген тапсырмаларды іске асыруды түсіндірді, татуластыру рәсімдерін қолдану, сот ісін жүргузуіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы түсіндірді.

Асланбек Дүйсенғалиев  Елбасының халыққа Жолдауы туралы және «Сот төрелігінің 7 түйіні»,  «Татуласу: Сотқа дейін және сотта» Жоғарғы Соттың жобаларын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар туралы жүргізіліп жатқан сот жүйесін жаңғыртудың қырлары туралы, дауларды шешудің баламалы түрін енгізу, татуластыру рәсімдерін дамудың маңыздылығы. Сонымен қатар, қылмыстық заңды бұдан әрі ізгілендіру туралы сөйледі. Сондай-ақ, барлық соттарда  «Түнгі Сот», «Отбасылық Сот» пилоттық жобалардың жүзеге асыруы, «Билер Кеңесінің»  және кәсіпқой емес медиаторладрың қызметі туралы айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жүргізілген іс-шаралары бойынша атқарылған жұмыстары туралы атап өтіп, халықтың сотқа деген сенімін арттыру үшін қызмет жасап жүргенін ерекше айтып берді. Спикер сот ісін жүргізуді цифрландыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтып, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаев өз сөзінде  сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі, соның ішінде  «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Смарт сот», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Отбасылық соты» пилоттық жобалары туралы атап өтті.

Өз кезегінде Тасқала аудандық Билер Кеңесінің төрағасы ағымдағы жылдың 9 айында Билер кеңесімен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасаған.

Сот төрағасы азаматтардың сұрақтарын тыңдап, оларды сотқа дейін тәртібімен шешу жолдарын түсіндіріп өтті. 

Жәнібек аудандық соты аудан тұрғындары үшін «Аудандық соттағы Ашық есік күні» өтті. Шара ресми қатынас түрінде мемлекеттік органдар  мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің ғана емес, қарапайым аудан тұрғындарының да басын қосты. Олардан басқа шараға  Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Махамбет Бақтығұлов және Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин қатып отырды.

Алғашқы болып аудандық соттың төрағасы Асель Жамантаева сөз сөйледі.

Ол қонақтарға аудандық соттың, жалпы сот жүйесінде атқарылып жатырылған маңызды оқиғалар және сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелері, заңнамадағы өзгерістер және олардың сот жұмысына әсері туралы жан- жақты  көрсететін бейнетаныстыруды ұсынды.            

Осы жылдың 9 айы ішінде жұмыс статистикасын мәлімдеп, спикер «Татуластыру: сотқа дейін және сотта», «Отбасылық сот», «Түнгі сот» пилоттық жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері атап айтқанда,  олардың қоғамдағы дауласушылық деңгейін азайтуға, отбасын сақтауға, әкімшілік құқықбұзушылықты туралы істерді жедел қарауға мүмкіндік беретінін айтып өтті. Бұдан кейін спикер сот жүйесіндегі құқыбұзушлықтардың аладын алуға бағытталған шаралар  туралы нақты әңгімеледі.

Шараны жалғастырған Махамбет Бақтығұлов  мұндай шаралардың мақсаты азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру, оларды соттың қызметінен хабардар жасау,  заңнамалардағы өзгерістер мен дауды сотқа дейін реттеуге түрткі  болу екендігін айтып өтті.

Шара соңында  аудан ақсақалы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бекет Әліпқалиев аудандық соттың жұмысына  оң баға берді. Өзінің айқын және қызу сөзінде ол мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында сот және құқық қорғау қызметіндегі реформаның 5  мәселеге аса назар аударғанын және  бұл мәселе екінші орында екенін, яғни мемлекет үшін азаматтардың мүддесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының басты нәрсе екендігін айтты.

Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында Казталов ауданының №2 аудандық сотымен 2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні өтті.

Бұл шараға Батыс Қазақстан облыстық судьясы Ляззат Ұстағалиева, аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов, Жалпақтал ауылының әкімі Әлия Жақсыбаева, мемлекеттік органдарының басшылары,  кәсіби емес медиаторлар, билер кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ-ның өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Шараны ашық деп жариялаған сот төрағасы А.Бижанов өз сөзінде  соттың 2019 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жариялап, басты мақсаты - халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатын «Сөт төрелігінің 7 түйіні» жобасы туралы айтты.

Кездесу барысында сот төрағасы  ҚР Жоғарғы Сотының  «Сотта татуласу  рәсімдері», «Отбасылық сот»,  «Виртуалды сот»  және  «Түнгі сот»  пилоттық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы таныстырып, жергілікті тұрғындарға смартфон мен видеоконференцбайланыс арқылы сот отырыстарына қатысу мүмкіндігі туралы түсіндірді.

Баяндамашы сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға, Судьялар әдебі кодексі мен Мемлекеттік қызмет этикасы талаптарының қатаң сақталуына назар аударды.

Бұдан басқа, азаматтардың азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, сот актілерімен келіспеушіліктер бойынша өтініштері  де тыңдалып, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Облыстық соттың судьясы Л.Ұстағалиева заң шығару саласындағы жаңалықтар туралы, сонымен қатар, Парламент Мәжілісіне қаралуға ұсынған әкімшілік рәсімдерді және жекелеген әкімшілік сот ісін жүргізуді реттеудің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған Әкімшілік-іс жүргізу кодексінің жобалары туралы айтты.

Өз кезегінде қонақтар кездесуді ұйымдастырушыларына жылы қабылдауы мен ықыласы үшін алғыс білдіріп, ұжымға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дариян ауылдық округі мәдениет сарайында Бәйтерек ауданының №2 сотымен 2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Ашық есік күні» өтті.

Бұл шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ерлан Идиров, аудандық сотының төраға м.а. Ербол Нұрсұлтанов, Дариян ауылының әкімі Исатай Жұмағұлов, мемлекеттік органдарының басшылары, кәсіби емес медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ-ның өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Шараны ашық деп жариялаған сот төраға м.а. Ербол Нұрсұлтанов өз сөзінде  соттың ағымдағы жылдың 9 айдағы жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жариялап, «Сөт төрелігінің 7 түйіні» жобасы туралы айтты, ҚР Жоғарғы Сотының  «Сотта татуласу  рәсімдері», «Отбасылық сот»,  «Виртуалды сот»  және  «Түнгі сот»  пилоттық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы таныстырды.

Баяндамашы сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға, Судьялар әдебі кодексі мен мемлекеттік қызмет этикасы талаптарының қатаң сақталуына назар аударды.

Облыстық сотының судьясы Ерлан Идиров заң шығару саласындағы жаңалықтар туралы, сонымен қатар, сот ісін жүргізудегі басты мақсат ‑ халықтың сотқа деген сенімін арттырып, сот төрелігінің сапасын жақсартуға бағытталған сот жүйесіндегі оңды өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде мәлімдеді.

Шараға қатысқан азаматтармен қойылған сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, сот актілерін орындау тақырыптарына қатысты  болды. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар берілді.

Ақжайық ауылдық округі ғимаратында Теректі аудандық №2 сотымен сот төрелігінің атқарылуы бойынша жұмыс қортындылары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қанат Махметов, сот төрағасы И.Қ.Ниязғалиев, судья Е.Г.Усманов, сот қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелері және азаматтар қатынасты.

Шараны аша отырып, облыстық соттың судьясы Канат Махметов өз сөзінде барлық қатынасушыларды сот жүйесіндегі жаңашылықтары, Мемлекет Басшысының Жолдауы мен Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобаларының жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат берді.

Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ибрагим Ниязғалиев 2019 жылдың 9 айлығында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің қаралу нәтижелері туралы баяндама жасап, онда қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Шараға қатынасушылардың барлық сұрақтарына судьялармен заңнамаларды түсіндірумен толық жауап берілді. Азаматтардың сұрақтары «Медиация» Заңына қатысты, татуластыру институтын енгізуде қандай қиындықтар туындайтыны, медиацияны одан әрі кеңінен қолдану мақсатында не істелгені және не істелетіні туралы мәселелерді қамтыды.

Кездесу соңында Ибрагим Ниязғалиев соттардың қызметінің негізгі басымдылығы азаматтардың соттарға деген сенімін арттыру екенін атап көрсетті.

Казталов аудандық сотымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Лаззат Устагалиеваның, ауыл тұрғындары мен медиаторлардың, БАҚ өкілдерінің, судьялардың және сот қызметкерлерінің қатысуымен ашық есік күн өткізілді.

Аудандық сот төрағасы Райбек Хайрбеков өз сөзінде, тоғыз айда атқарылған істерге тоқталып, 2019 жылдың 9 айында түскен істердің азаюымен ерекшеленген 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда статистикалық мәліметтерді келтіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бақғытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, іске асырылып жатқан сот төрелігінің жеті түйіні туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде облыстық соттың судьясы Ляззат Устагалиева аудандық соттың жұмысын оң бағалап, қазіргі кезде сот жүйесінде соттардың қызметін одан әрі жетілдіру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, жаңа технологиялар, сот жүйесінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтып, жасалып жатқан іс-шаралардың барлығы да халықаралық стандарттарға сәйкес соттардың тәуелсіздігін нығайту және сот төрелігіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталғанын тиек етті.

Шара соңында қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап беріліп, заң талаптары түсіндірілді.

Халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру мақсатында, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ақжайық ауданының №2 аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Нұрлыбайұлы Боранбаев, Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.Гумарова, судья В.Абдушева, Тайпақ ауыл округ әкімінің орынбасары М.Есениязов, басқа да ауыл округтерінің әкімдері, медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері және  ауыл тұрғындары  қатысты.

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.Гумарова өз баяндамасында №2 аудандық сотымен қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, соттың жұмысы, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы туралы хабарлады.   

Сот төрағасы өз баяндамасында үстіміздегі жылдың 9 айында медиацияны қолданудың жоғары деңгейін атап өтті: медиация рәсімдерін қолданумен тоқтатылған азаматтық істердің саны талап қою іс жүргізуімен аяқталған істердің жалпы санының 50%-тен жоғары құрады;  әкімшілік істер бойынша - медиацияны қолдануға болатын аяқталған істер санының 79% құрады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Боранбаев Билер кеңесінің жұмысына тоқталып, 2018 жылы облыстың аудандарында ауылдың абыройлы, шешен, дана әрі сыйлы ақсақалдардан тұратын Билер Кеңестері құрылғаны туралы айтты.

Тайпақ ауылдық округі бойынша Билер Кеңесінің мүшесі Б.Душаев ауылдағы Билер кеңесінің жұмысы туралы айтып өтіп, «Ашық есік күнін» өткізген сот ұжымына алғысын білдірді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ғ.Садиров №2 аудандық сотымен өткізілетін  шараларына үнемі қатысып, ауыл тұрғындары сот саласындағы өтіп жатқан реформаларымен, сондай-ақ жаңа замануи технологияларымен танысып отыратындарын атап өтті және Е.Боранбаевқа шалғай ауылға кездесуге келгеніне ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындары үшін кездесудің маңыздылығын айтты.

Кәсіпқой емес медиатор С.Тлекеева өз кезегінде судьяларға Тәуелсіз еліміздің игілігі жолында атқарып жатқан еңбегіне табыс тіледі.

Шара соңында облыстық сотының судьясыт азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауда болған Базаршолан ауылының тұрғындары С.Кұспанова мен Т.Үмбеталиева бала асырап алу және алимент өндіруге қатысты сұрақтарымен жүгініп,  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

2019 жылдың 25 қазан күні Бөрлі аудандық акимат ғимаратында Бөрлі аудандық сотымен 2019 жылдың 9 айында соттағы сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Батыс-Қазақстан облыстық сотының судьясы, аудандық соттың  судьялары, аудандық әкімнін орынбасары, аудан прокуроры, полиция бөлімінің орынбасары, адвокаттар, мекеме заңгерлері, бии кеңесінін мүшілері, медиаторлар және аудандық тұрғындар қатысты.

Облыстық соттың судьсы Х.Аманкулов шараны аша отырып, өз сөзінде ол сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.

Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің нәтижелері туралы Бөрлі аудандық сотының төрағасы Г.Кулмуханов сот төрелігін жүзеге асыруында оңды өзгерістер бар екенін  және кейбір көрсеткіштер жақсарғанын атап сөз сөйледі.

Төраға сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, азаматтық істердің маңызды мәселелері туралы баяндады.

Қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар,  2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралары қабылданғанын атап өтті.

Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Сот төрағасы қатысушылардың қойылған әр сұрақтарына толық әрі жан-жақты заңды жауап берілді.

Теректі аудандық сотымен «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға облыстық соттың судьясы А.Маштакова, ауылдық округтердің әкімдері, билер кеңесінің мүшелері, кәсіби емес медиаторлар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және аудан қоғамы қатысты.

Сот төрағасы қаралған істер бойынша 9 айлық статистикалық көрсеткіштерге атап өтіп, сот-құқықтық жүйесінің мақсатын, Презиндеттің халыққа жолдауын орындалуын,  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын, Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмаларын, сот жүйесіндегі көрініс алып жатқан оңтайландыруды, бітімгершілік рәсімдерін, соттағы мемлекеттік тілдің мәртебесін туралы жан-жақты айтты.

Марат Маликов Елбасының жолдауын орындау бойынша шараларды және Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын атап, «Татуласу: сотқа дейін, және сотта», дауларды балама түрлеріндегі шешу жолдарын, бітімгершілік рәсімдердің дамуының маңыздылығы туралы хабардар етті.  Сондай-ақ, «Түнгі сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобаларын орындау бойынша, «Билер кеңесі» және кәсіби емес медиаторлардың жұмысы туралы айтты. Спикер сотқа жүгінбей дауларды бітімгершілік рәсімдер арқылы- медиация және партисипативтік келісім, билер және медиаторлар арқылы сотқа дейінгі татуласу жөнінде сөз көзғады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жасалған іс-шараларға тоқтап, азаматардың сотқа деген сенімін арттыруға судьялар бірден-бір мүдделі екенін айтты. Сотта сандық технологияларды пайдаланудағы мүмкіндіктері және артықшылықтары айтты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Айгүл Маштакова өз сөзінде сотты оңтайландырудың көкейкесті бағыттарына тоқталып, соның ішінде ««Татуласу: сотқа дейін, және сотта», «Смарт сот», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобаларын жан-жақты түсіндірді.

Сот төрағасы сұрақтарды тыңдап сотсыз шешу жолдарын көрсетті.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі