Теректі ауданының жұртшылық өкілдері «Медиация туралы» Заңын қолдану және жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотының судьясы М.Құсайынов Теректі ауданының мәдениет үйінде өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Шара істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңын қолдануға байланысты туындайтын мәселелерді зерделеуге және шешуге арналды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ  медиаторы Талшын Италиева, аудан әкімдігінің, прокуратура, білім бөлімдерінің, ҮЕҰ-ның өкілдері және медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - үйлестіруші-судьяларға медиация бойынша практикалық көмек көрсету, «Медиация туралы» Заңдағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес, сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін талқылау.

Судья М.Құсайыновтың айтуынша медиация - үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Ол даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

Өз сөзінде М.Құсайынов істер бойынша кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен байланысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, медиациянын тиімділігі келіссөздер процесін жургізу үшін жағдай жасау аркылы, даулы карым-катынастарға тартылған тараптардын мүдделерін ескере отырып, медиатордың катысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқыктарын қалпына келтіруді жеделдету және сотка талап-арыз берген кезде төленген мемлекеттік бажды толық көлемде қайтарудан тұратынын айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиацияның қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін, бейбіт келісімге өзара тиімді қол жеткізу тұстарын атады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі