Татуластыру рәсімдерін азаматтық сот ісін жүргізуде қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты 330 000 теңгені өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. 

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы жауапкер қызметі 330 000 теңгелік, жұмсақ жиһазды қалпына келтіру тапсырысын орындауға тиісті болған.

үшін талапкерден алдын-ала төлем Жауапкер талапкерден жұмсақ жиһазды қалпына келтіру үшін 35 000 теңгені алды ала төлем алған, бірақ тапсырысты орындамаған, жиһазды да кері қайтармаған. Осыған байланысты талапкер жауапкерден жалпы сомасы 330 000 теңгені және 3 300 теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж сомасын өндіруді сұрайды.

Сот мәжілісінде тараптар азаматтық істі қысқарту туралы өтініш түсіріп, медиативтік келісім ұсынды.

ҚР АПК-нің 277 бабының 6 тармағына сәйкес, егер тараптар медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісімге келсе және ол сотпен бекітілсе, сот іс бойынша өндірісті қысқартады.   

ҚР АІЖК 278 б. сәйкес, тараптарға осы негізбен іс бойынша іс жүргізу қысқартудың салдарлары түсіндірілді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі