Талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында жол көлік апаты оқиғасынан болған моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арызда жол көлік апаты жауапкердің кінәсынан болып, сенімхатпен жүргізіліп келе жатқан талапкердің автокөлігіне зақым тигізіп, нәтижесінде әйел адамға жол көлік апатынан физикалық және моралдық зиян тигізгендігін негіздеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 931 б. сәйкес, заңды тұлғалар мен азаматтар (көлік ұйымдары және т.б) егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 264 б. сәйкес, меншік иесі, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

Меншік иесіне тиісілі  залал келтірген мүлікке, шығынды өтеу талапты бұзуды жою болып табылады.

Көлікті тіркеу туралы куәлік бойынша, талап арыз көлік иесінен берілмеген, сенімхатпен жүргізіп жүрген оның жұбайының атынан берілгендіктен, мүлікке келтірген залалды өндіруге талап етуге құқы жоқ. Сонымен бірге, талапкер  келтірілген зиянның шығындары туралы сотқа ешкандай дәлелдемелер ұсынбауына байланысты моральдық шығын өндіруге де  құқы жок.

Осыған орай сот, талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі