Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершіліктің түрлері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабы бойынша сотқа құрметтемеушілік білдіргендерге ескерту, айыппұл не қамаққа алу жазалары көзделген.

Осылай, Орал қаласының мамандырылған әкімшілік сотының деректеріне сай, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша 8 тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

Істерді талдау нәтижесі көрсеткендей, сотты құрметтемеушілік сотқа шақырылған тұлғалардың келмеуі немесе кешігуі және тараптардың медициналық куәландыру қорытындыларына сәйкес жеңіл не орта дәрежедегі алкогольдік мас күйлерінде сот отырысына келулері фактілерінен тұрады.

Істерді қарау нәтижесі бойынша, 7 тұлғаға ескерту түріндегі, ал 1 тұлғаға 45 380 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.