Соттар әкімшісі 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов облыс соттарында соттардың қызметі туралы, сондай-ақ соттар Әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысы бойынша кеңес өткізді
Іс-шараға басшының орынбасары Шынар Тұңғатарова және облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Эльвира Темірниязова, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен облыс соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.
Кездесуде бөлім басшыларының есепті мерзімде атқарылған жұмыстары, Департаменттің негізгі міндеттерін жүзеге асыру және орындау туралы баяндамалары, сондай-ақ өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғандағы 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы статистикалық есептер тыңдалды.
Спикерлер іс қағаздарын тиісті жүргізуді, облыс соттарының жұмысын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіп жайындағы түйткілді мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, облыс соттарының БАҚ-пен ақпараттық қамтамасыз ету мен тиісті өзара іс-қимыл, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар облыс соттарының қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кеңес барысында қатысушыларға жоғары тұрған соттардың тиісті тапсырмаларын орындау, соттар жұмысында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, "Төрелік" ақпараттық жүйесінде тиісті жұмыстану, электрондық сот ісін жүргізуді белсенді дамыту және әрбір сот отырысы АБЖ жүйесін 100% пайдалануға ықпал ету, "Сот кабинеті" ақпараттық сервис арқылы сотқа талап арыз беру санын ұлғайту туралы айтылды.
Шараны қорытындылай келе, басшылық 2017 жылы орындалуы тиіс бірқатар міндеттерді алға қойды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: