Этномедиация - ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

29 қыркүйек күні Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінде "Этномедиация — ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі" атты диалогтық алаң отырысы өтті. Отырысқа судья Гулжихан Сағитова, Батыс Қазақстан облыстық Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева,  Батыс Қазақстан облыстық Татуласу орталығының қоғамдық медиаторы Ұлбазар Нұрмаханова және ауданымыздағы кәсіби,  кәсіби емес медиаторлар,  ардагерлер кеңесінің,  аналар кеңесінің төрағалары, заңгерлер,  полиция бөлімі қызметкерлері,  үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен жастар қатысты.  Шараның негізі мақсаты ауылдық елді мекен тұрғындарына құқықтық көмек көрсету. Шарада судья Г.Сагитова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» жолдауының арнайы бөлігі «Бесінші бағдар. Заң және тәртіп» деп аталып, заң үстемдігін нығайтуға арналғанын, Мемлекет басшысы «Қоғамда заң үстемдігі берік орнап, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет» деп қадап айтқанын жеткізді, осы жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталды және аудандық сотта жүргізіліп жатырған медиация жұмыстары жайында ой тарқатып, істі сотқа жеткізбей тараптарды татуластыру әдісінің маңызын түсіндірді, сондай-ақ осы жылғы 9 айда талап қою тәртібімен қаралған азаматтық істердің жартысы медиция тәртібімен аяқталғанын атап өтті. Шараға қатысушылар тарапынан аудандағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі жайында және арызданушыларды татуластыру бағытындағы жұмыстар турасында сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: