БҚО соты

Облыстық сотта семинар өткізілді

07/10/2022

Бүгін облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров ашты.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ БҚО соттары әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы М.Рамазанов қатысты.

Ішкі объектішілік режимді және өткізу тәртібін ұйымдастыру туралы

04/10/2022

Жәнібек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Әсел Салихова сот приставы мен күзет қызметкерлерінің қатысуымен " Ішкі объектішілік режимді және өткізу тәртібін ұйымдастыру "бойынша дәріс сабағын өткізді.

Кеңсе меңгерушісі А. Салихова іс - шараның басты мақсаты-сот ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі екенін атап өтті.

Соттың аға сот приставы Б. Төлеуов. әріптестерін өткізу режимінің жалпы ережесімен және соттың ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерімен таныстырды.

Облыстық сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

30/09/2022

Семинар жұмысын  этикасы жөніндегі комиссияның төрағасы А.Ахметов құттықтау сөзімен ашты.

Іс-шараға судьялар, бөлім басшылары, облыстық соттың мамандары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен мамандары қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу, Мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнаманы сақтауы болып табылады. Семинардың баяндамашысы соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бастығы Н.Батырханов болды.

Облыстық сотта семинар өткізілді

30/09/2022

Бүгін облыстық сотта шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтары бойынша семинар өткізілді.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Ахметов ашты.

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетова шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы туралы істерді қарау практикасына талдау жүргізді.

Облыстық сотта семинар өткізілді

30/09/2022

Бүгін облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы м.а Н.Ділдебеков ашты.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға БҚО Әділет департаментінің өкілдері қатысты.

ҚР Жоғарғы Соты ескертулерінің хаттары талқыланды.

Бәйтерек аудандық сотында сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

29/09/2022

Бәйтерек аудандық сотында сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау барасында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Облыстық сотта дөңгелек үстел өткізілді

29/09/2022

Бүгін облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша дөңгелек үстел өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров ашты.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, БҚО прокуратурасының өкілдері, БҚО бойынша ҚАЖД-ның өкілдері, БҚО бойынша ҚАЖК-нің №28 мекемесінің өкілдері және Орал қалалық пробация қызметінің өкілдері қатысты.

Алқабиге кандидаттарды іріктеу тәртібі

28/09/2022

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында «Алқабиге  кандидаттарды  іріктеу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары тағайындалды

27/09/2022

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  жанындағы  соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты)  басшысы  Н.Ахметзакировтың 26 қыркүйек 2022  жылғы өкімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары лауазымына Басырбаев Берік Бисенбайұлы тағайындалды.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Мәлік Кенжалиев жаңадан тағайындалған соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Б.Басырбаевты облыстық сот ұжымына таныстырды.

Беттер