Облыстық сотта семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров ашты.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ БҚО соттары әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы М.Рамазанов қатысты.

Бірыңғай сот практикасын құру және сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту мақсатында "Төрелік" ақпараттық жүйесінде 2022 жылы мамыр айында " Сотта қарау тәжірибесі" модулі құрылды.

Осы модульде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот актілері қамтылған.

Семинарға қатысушыларға «Сотта қарау тәжірибесі» модулін жұмыста пайдалану қажеттігін еске салды.

Іс-шара барысында "Төрелік" ақпараттық жүйесінің "Сотта қарау тәжірибесі" модулі туралы "видео ролигі қаралды.

Семинар соңында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: