Сотта сот актілерін тиісті түрде орындау бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында Жеке сот орындаушылардың Өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары мен   «Халық Банк», «Forte Bank» және «Цесна Банк» АҚ-дың өкілдерінің қатысуымен «Сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесудің мақсатын белгілеген сот төрағасы Азамат Борамбаев «Дөңгелек үстелді» алғы сөзбен ашты. Спикер атап өткендей атқару өндірісі тиімділігінің проблемасы осы уақытқа дейін өзекті болып табылады, өйткені, сот актілірін тиісті түрде орындау азаматтар тарапынан сот жүйесіне деген сенімінін ңығайту және дамыту үшін маңызды шарт.

Сондай-ақ, шарада судья Софья Ахмерова баяндама оқыды. Баяндамашы қатысушыларға сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық сұрақтармен хабардар етті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатына сай, ҚР АПК-нің 241 б. 4 т. талаптарына қайшы тәжірибеде жеке сот орындаушылардың инкассалық өкімдері қоса берілген атқару парақтары жиілеп кетті, көп жағдайда атқару құжаттарында өндіріп алушының немесе борышкердің банктік деректемелері болмайды.

Кездесу барысында жұмыстың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды, атқарушылық құжаттарды АПК 241 б. 4 т. сәйкес, сот актілерінің орындау барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы»  Заңы мен АПК-нің нормаларын қатан басшылыққа алу ұсынылды. Осы және басқа да шаралар  сот төрелігінін тиісті орындау және жүзеге асырылуы тиіс, өйткені сот шешімдерінің орындалмауы сот билігі мен мемлекеттің беделіне тұтастай алғанда нұқсан келтіреді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі