Теректі аудандық соты 2017 жылдың 6 айында атқарған жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Теректі жаңалығы-Теректинская Новь» газеті тілшісінің қатысуымен өткен шара барысында сот төрағасы Марат Мәліков  2017 жылдың 6 айы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялап, оның ішінде түскен және аяқталған  істердің саны, жаза тағайындау тәжірибесі туралы хабарлады.

Есептік мерзімде 29 қылмыстық, 369 азаматтық және 178 әкімшілік іс қаралды. Қаралған 29 қылмыстық істің ішінде 15 үкім шығарылып, 9 іс өндірістен қысқартылған, (соның ішінде 6 іс медиация тәртібімен қысқартылды). 4 іс бойынша сотталушыға іздеу салынуына байланысты прокурорға кері қайтарылды, 1 іс соттылығы бойынша жолданылды.

Осы мерзім ішінде сотта қаралған 369 азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен 29 азаматтық іс қысқартылып, 227 іске шешім, 98 іске сот бұйрығы шығарылды.

Әкімшілік іс бойынша соттың қаулыларымен 36  жеке тұлғаға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі, 64  адамға әкімшілік қамақ түріндегі, 11 азаматқа ескерту түріндегі жазалар қолданылып, 30 әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. Жалпы саны 37  құқықбұзушыға 868 336  теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 509 834 теңгесін құқық бұзушылар өз еркімен төледі.

Тұрғындардың құжаттарды сотқа интернет желісі арқылы беріп, орындалу барысын бақылап отыруға мүмкіндік туғызатын «Сот кабинті» интернет сервисін кеңінен қолдануда.

Сот төрағасы кездесу барысында сот істерінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан бері сот отырыстары үн-бейне жазба арқылы жүргізілетіні, одан басқа да жаңа технологиямен жұмыстар атқарылып жатқаны және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,  еңбек және орындаушылық тәртібі бақылауда алынғаны туралы айтты. Шараны қорытындылай келе БАҚ өкілінің көптеген сұрақтарына жауап беріп, алғысын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі