Өзбекстанның алты азаматы ҚР аумағында заңсыз еңбек қызметімен айналысқаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған, Өзбекстан Республикасы азаматтарына қатысты 6 әкімшілік істі қарады.

Шетелдік азаматтарды полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықтаған. Анықталғандай, шетелдік азаматтар көші-қон карточкасын тіркеу кезінде ҚР аумағына келу мақсатын «жеке» ден көрсетіп,  сонымен бірге құрылыс жұмыстарымен заңсыз айналысқан.

Қазақстан Республикасында рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылады.

Сот ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының алты азаматын ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен 2 тәулікке қамаққа алды.

Сот қаулары заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі