Орал қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін тұрғындарға құқықтық мәдениетті жоғарылату және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді. Іс – шараның өткізілетіндігі туралы хабарландыру алдын ала облыстық соттың Интернет ресурсында және қалалық БАҚ-да жарияланған болатын.

Сотқа келушілерді сот төрағасы Азамат Борамбаев қабылдап, азаматтардың көкей кесті сауалдарына жауап беріп, тиісті ұсыныстар берді.

Келушілердің сауалдары соттағы өкілдікке қатысты болды, сондай-ақ азаматтар сот шығарған актілерімен келіспеген жағдай жөнінде айтылып, оларға әрі қарай шағымдану бойынша азаматтық-құқықтық нормалары түсіндірілді.

Сот төрағасы 100 нақты қадам- Ұлт жоспары аясында сот реформалары жайлы баяндап, қолданыстағы заңнамаларды, оның ішінде бітімгершілік рәсімдерін қолдануды түсіндірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі