Батыс Қазақстан облысында кадрлық өзгерістер болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына облыс соттарының судьялар мен қызметкерлері, БҚО әкімінің м.а. Арман Өтеғұлов, БҚО ІІД бастығы М.Аблазимов, ҚР ҰҚК БҚО департаментінің бастығы М.Адылгазин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаев, БҚО ТЖ департаменті басшысы Ж.Жұмашев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімінің басшысы Б.Рысбеков және БАҚ өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 14 маусымдағы №499 Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Тельман Шамауұлы Ибрашев құрметті доғарысқа шыққанын, Орал қаласының №2 сотының судьясы Сергей Евгеньевич Сергеевтің өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты лауазымынан босатылғанын хабарлады.

Т.Ибрашевтің судьялық қызметі 30 жыл бұрын, сонау 1987 жылы Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін, Орда аудандық халық сотында судьялық қызметінен бастау алғанын атап өту қажет. Кейін, 1996 жылы Т.Ибрашев Орал қалалық сотына судья, 2007 жылы Зеленов аудандық №2, 2011 жылы Шыңғырлау аудандық соттарының төрағасы, ал, 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының төрағасы қызметіне тағайындалды.

С.Сергеевтің еңбек жолы 1978 жылы бастау алып, осы жылдар ішінде заңгер, 1994 жылдан 2005 жылға дейін 11 жыл прокуратурада, ал 2005 жылдың желтоқсанынан Орал қаласының №2 сотының судьясы қызметін атқарды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Т.Ибрашев пен С.Сергеевтің сот жүйесіндегі көпжылғы жемісті еңбектерін атап, алғыс хат адресатын табыстады.

Б.Әметов сонымен бірге бұрын Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болған, батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының жаңа төрағасы Қайрат Төлепбергенұлы Адрановты,

-бұрын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономкалық сотының төрағасы лауазымн атқарған, батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Маратұлы Жұмағұловты,

- бұрын Сырым аудандық сотының төрағасы лауазымын атқарған, Бөрлі аудандық сотының жаңа төрағасы Гамал Марсельұлы Құлмүхановты;

-бұрын Казталов аудандық №2 сотының төрағасы қызметін атқарған, Орал қалалық№2 сотының жаңа төрағасы Азамат Жұмаұлы Бурамбаевты; 

-бұрын Орал қ. МӘС судьясы қызметін атқарған, Зеленов аудандық сотының төрайымы Роза Есболсынқызы Сариеваны таныстырды.

Сонымен бірге, Орал қалалық №2 сотының судьясы лауазымдарына:

-бұрын Ақжайық аудандық сотының судьясы лауазымын атқарған Софья Константиновна Ахмерова және Ақтөбе қалалық сотының судьясы қызмет атқарған Гүлдана Ибрайқызы Суханова тағайындалғанын хабарлады.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы м.а. 14.06.2017ж. өкімімен тағайындалған, БҚО бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Нұрлан Еркінұлы Қажғанов таныстырылды.

Облыс әкімінің м.а. Арман Өтеғұлов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сот жүйесінің игілігіне, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне қосқан үлестері үшін судьяларға алғыс білдірді.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысының судьялар корпусы судьялардың ҚР сот жүйесінің дамуына және Батыс Қазақстан облысында сот төрелігін атқаруға қосқан үлестерін атады

Қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары құттықтау тілектерін жолдап, гүл шоқтары мен естелік сый-сыяпаттарын табыстап, дендеріне саулық, таусылмас күш-қуат тіледі.

Судьялар өз тараптарынан әріптестерінің құрметтеріне ризашылықтарын білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: