Мамандандырылған ауданаралық соттар жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар жергілікті БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың 9 айылық сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Шараға БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қайрат Шалқаров, БКО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы м.а. Жанар Ешпанова және «Қазақстан-Орал» телеарнасының, «Надежда» және «Мой город» газеттерінің тілшілері қатысты.

Брифинг барысында төрағалармен 2017 жылдың 9 ай бойынша сот жұмысының қорытындысы келтіріліп, қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.

Сонымен, деректеріне сәйкес,  30.09.2017ж жағдай бойынша ҚІжМАСтың өндірісінде 51 тұлғаға қатысты 30 қылмыстық іс болған. 2016 жылдың ұқсас кезенінде - 35/66.

Өткен жылдың (4/7) қалдығы ескеріліп, 49 тұлғаға қатысты 29 қылмыстық іс қаралғандығын, 38 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылған,1 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған, 9 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс бойынша прокурорға қайтару туралы қаулы шығарылған. 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша мәжбүрлі медициналық шара қолдау туралы қаулы шығарылды. 37 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, 1 тұлғаға амнистия қолданылған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел адамдардың қатысуымен 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылған. Жоғарыдағы аталған кезенде, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істері қаралмаған.

Сондай-ақ, Қ.Шалқаров 2017 жылдың 9 айында алқабилердің  қатысуымен  5 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қаралғанын айтып өтіп.

Сонымен қатар, Ж.Ешпанованың келтірілген деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында 324 азаматтық, 30 қылмыстық, 154 әкімшілік істер қаралған. Оған қоса, төраға м.а. алимент мөлшерін азайту туралы және әкелігін анықтап, алимент өндіру туралы санат бойынша  азаматтық істер көбейгеніне назар аударды.  2016 жылдың 9 айында аталған санат бойынша  53  іс қаралса  2017 жылдың 9 айында  77 іс қаралғаны, ал әкелігін анықтап, алимент өндіру туралы санат бойынша 2016 жылдың 9 айында 30 іс қаралса, 2017 жылдың 9 айында 54 іс қаралғанын атап өтті.

 Мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағалары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сот қызметінің жарықтандыруына белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Теги: