брифинг

Жасөспірімдер соты ағымдағы жылдың екі айында атқарылған жұмыс қортындысы бойынша брифинг өткізді

04/03/2016

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ТДК-42 телеарнасының және Приуралье, «Мой город» газеттерінің қатысуымен сот жұмысының 2016 жылдың екі айындағы қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Орал қалалық сотында 2015 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

22/01/2016

Бүгін Орал қалалық сотында 2015 жылда атқарылған жұмыс  қорытындысына арналған брифинг өтті.

Шараға «ТДК-42» телеарнасының, «Мой город», «Информбиржа», «Уральская неделя» басылымдарының тілшілері қатысты.

Есептік кезеңде Орал қалалық сотының өндірісінде 1 111 қылмыстық іс аяқталып, 668 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 785 тұлға сотталды.

Сот жұмысының қорытындылары бойынша брифинг

22/01/2016
Теректі аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен  2015 жылдың жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өтті.
Брифингке аудандық «Теректі Жаңалығы» баслымының өкілі және сот қызметкерлері қатысты.
Шара барысында сот төрағасы М.Маликов сот жұмысының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық көрсеткіштерін 2014 жылмен салыстырмалы түрінде мәлімдеді.

Жәнібек аудандық соты 2015 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

18/01/2016

Бүгін, Жәнібек аудандық сотында өткен брифингте сот төрағасы А.Бижанов 2015 жылда атқарылған сот төрелігінің қорытындысын хабарлады.

Шараға аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының, аудан әкімі аппаратының өкілдері, аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы және сот орындаушысы қатысты.

Брифинг барысында сот төрағасы А.С.Бижанов 2014 жылғы жұмыс көрсеткішімен салыстыра отырып өткен жылы қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Казталов аудандық соты 2015 жылды қорытындылады

15/01/2016

Казталов аудандық сотында «Ауыл айнасы» газеті тілшісінің, аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен 2015 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Шарада сотының төрағасы Р.Хайрбеков қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады.

Тасқала аудандық соты 2015 жылды қорытындылады

15/01/2016
Тасқала аудандық сонының төрағасы Ә.Ахметов 2015 жылда сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысының  қорытындысы бойынша жергілікті «Екпін» басылымының тілшілерінің қатысуымен  брифинг өткізді.                                                                   
Кездесу барысында Ә.Ахметов 2015 жылдың 12 айында былғырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің азайғандығын, медиация тәртібімен 82 іс, оның 35 қылмыстық, 47 азаматтық іс қаралғанын хабарлады.

БҚО кәмелетке толмағандар сотының төрайымы сотта қаралған іс бойынша брифинг өткізді

20/11/2015
БҚО кәмелетке толмағандар соты бір жастағы сәбиімен Шаған өзені бойында шатырда тұрған әйел адамға қатысты қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бойынша «ТДК-42», «31 арна», «Мой город»  БАҚ-на брифинг өткізді.
Брифингте сот төрайымы Ф.Ғ. Құрманова аталған іс бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бөкейордасы аудандық сотында брифинг өтті

19/11/2015

Бөкей ордасы аудандық сотында сот төрайымы Т.С.Ғұмарова, судья С.Т.Худайбергенов, медиаторлар Г.Б.Муханова, Ш.М.Ишангалиева, «Орда жұлдызы» газетінің тілшісі Р.Бахитова және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Медиация және оның тиімділігі» тақырыбында брифинг өтті.

Соттың бас маманы Ы.Ш.Абдуллин өз сөзінде тараптар арасында туындаған дауларды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік беретін «Медиация туралы» заңының негізгі тұстарына тоқталды.

Қылмыстық істер сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

20/10/2015

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингке «ТДК – 42» телеарнасының және «Мой город» баслымының журналистері қатысты.

Төрағалық етуші Қ.Т.Чалкаров пен судья Р.С.Хайрбеков статистикалық мәліметтер келтіріп, соған сәйкес, 2015 жылдың 9 айында сотқа 61 тұлғаға қатысты 35 қылмыстық іс түсіп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстардың 27,1 % пайызға  азайғанын (48/63) айтты.

Беттер