Көлік құрал салығын өндіру туралы азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерден 83 447 теңге көлік салығын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Іс құжаттарынан көрінгендей, жауапкер УАЗ-31512 маркалы көлік құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Салық кодексінің 369 бабының 3 бөлігінің талаптарына сай салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.

Сот аталған істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауды ұйғарып, ол жөнінде тараптарға хабарлап, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, жауапкерге он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі.

Сот белгілеген мерзім өткеннен тараптарды шақырмай істі қарап, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі