Казталов аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ашық  есік күні»  шарасы  азаматтарға құқықтық көмек беру, халықтың сот жүйесіне  деген сенімін және қолжетімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік» күніне келген азаматтарды сот төрағасы Р.Хайрбеков қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Казталов ауылының тұрғыны З.Хайдарова болып, мұраны қабылдау мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Сот төрағасы өз кезегінде қойылған сауалдарға заң тұрғысынан толық жауап берді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі