Қаратөбе аудандық сотының қызметкерлері үстел теннисінен жарысқа қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданының денешынықтыру-сауықтыру орталығында үстел теннисінен ұйымдастырылған жарысқа Қаратөбе аудандық сотының қызметкерлері қатысты.

Қаратөбе аудандық әкімдігінің ұйымдастырумен өткен шараға ауданның барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты. Жарысты алғы сөзбен ашқан Қаратөбе ауданы әкімнің орынбасары Р.Иманғалиев салауатты өмір салтын ұстануда осындай жарысты өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Р.Иманғалиев жеңімпаздарды құттықтап,  алғыс хаттармен марапаттады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі