Электрондық сот ісін жүргізуді енгізу сот төрелігіне қолжетімдік деңгейін жеңілдетуге мүмкіндік берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Электрондық үкіметін жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесі  құжат айналымын енгізіп электрондық сот ісін жүргізуге бiрте-бiрте көшеді. Бұл сот төрелігі жүйесінде азаматтардың сот қызметіне деген сенімін нығайтып, сот ісін жүргізудің ашықтығын, тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Баршаға мәлім болғандай, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Республика соттарында электрондық сот ісін жүргізу енгізілді және электрондық сервисын қолдану сәттен Бөрлі аудандық соты электрондық форматта сот бұйрығын шығару туралы 148 арыз қарады, ол жыл басынан жалпы шығарылған сот бұйрықтарының 29 пайызын құрайды. Сот бұйрықтары көбіне кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді, салықтар берешегін,  жария шарттары негізінде берешекті өндіру туралы.

Мәселен, бір күн ішінде аудандық сот электрондық бұйрық өндірісінде «Қазақтелеком» АҚ-ның  Бөрлі ауданында тұратын борышкерлерден жалпы соммасы 221 901 теңге мөлшерінде берешектерді және шығындарды өндіру туралы 13 арызын қарады. Арыздар мен құжаттарды пайдаланушылар электрондық құжаттарды жүйесіне енгізізіп «Сот кабинеті» сервисі арқылы берді. Шығарылған сот бұйрықтар өндіріп алушыларға, борышкерлерге  және  орындауға да электрондық форматта жолданылды. Электрондық сот ісін жүргізу  тек соттың емес және де іс бойынша қатысушылардың уақыт және қағаз  құжат айналымына  қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.