Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің тиімділігі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық соты  даулардың жекелеген санаттары бойынша  (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобасы   тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Жобаны талдауда кәсіптік және кәсіпқой емес медиаторлар, адвокаттар, ауылдық округтерінің әкімдері, аудан прокуроры, сот актілерін орындау бойынша Бөрлі аумақтық бөлімі басшысы, сонымен қатар «Чернобыль Союз» ҚҰ, «Бастамашыл әйелдер» ҚҰ, «Жас Дарын» ҚҚ, «Қоғамдық келісім кеңесі» ҚҰ,  Қазақстан Халықтарының ассамблеясы,  АІІБ, аудандық және қалалық әкімдіктерінің, «Будни Аксая» газетінің және «Телестудия Карачаганак» ЖШС-нің өкілдері белсеңді қатысты.

Бөрлі аудандық сотының төраға м.а. Сабыржан Есжанов «Медиация туралы» заңның қоланысқа енгеніне 5 жыл ішінде  дауларды, жанжалдарды шешу жаңа балама институты өзінің тиімділігін дәлелдеді,  статистикаға сәйкес даулардың 80 %,  медиаторлармен қаралған, тараптардың татуласуымен аяқталатының хабарлады. Баяндамашы даулардың жекелеген санаттары бойынша (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық Жобасында толық тоқталды.   Ол Ереже туралы айтып, мақсаты мен  міндеттері,  жүргізудің қағидаттары, пилоттық Жобаның өткізу тәртіптерімен таныстырды. Медиация жүргізуге азаматтық істер ұсынылады: балалардың мүдделеріне орай, мұрагерлік, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, қарыз келімшарттары бойынша, сақтандыру және жекелеген еңбек даулары.  

Бөрлі ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі А.Дарисовтың айтуы бойынша аудандық кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде 18   азамат тіркелген, Ақсай қаласында және ауылдық селолық округтерінде өзінің қызметін атқарып жүрген.  Ол медиаторлардың қатысуымен жасақан медиативтік келісімдер бойынша статистикалық дерекетерді келтірді.

Семинар барысында кәсіпқой емес медиаторларға олардың құзыреттілігін дәлелдейтін куәлктерді беру мәселелері және олардың қызметін жариялау туралы сұрақтар қойылды.

Семинар сапалы медиативтік келісімдердің, даулардың жекелеген санаттары бойынша  (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді Пилоттық жобасы   енгізуді талқылаумен және тиісті ұсыныстарды қабылдауымен аяқталды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі