Базалық сотта өткен семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Орал қаласының №2 базалық сотының оқу орталығында «Жекелеген санаттағы істер негізінде азаматтық істі сот талқылауына дайындау» атты семинар сабағы өтті.
Семинар Батыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығының бастамасымен өткізілді.
Шараға облыстық соттың судьялары Галия Даулеткалиева, Зауреш Киясова, Орал қаласы №2 сотының төрағасы Азамат Бурамбаев және сот судьялары қатысты.
Модератор атап өткендей, облыстық соттың басшылары және барлық судьялық құрам облыс бойынша азаматтық істерді қараудың біркелкі тәжірибесін қалыптастыру бағытында күнделікті жұмыс атқарады, бұл сот шешімдерінің бірінші сатыдағы және апелляциялық сатыдағы тұрақтылық көрсеткішін көтереді. Тыңбай атқарылған жұмыс нәтижесінде сотқа деген сенім арып, сот жүйесінін дамуына ықпал ететіні аңық.
Өз кезегінде облыстық сот судьясы Ғалия Даулетқалиева істерді қарау көрсеткіштеріне тоқталып, жұмыстың оң бағытындағы беталысын, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді ерекше назарда ұстау қажеттігін атап айтты.
Сот актісі тек заңды және негізді емес, сонымен қатар өзінің мазмұны бойынша сауатты, дәлелді,  қабылдауға жеңіл болуы қажет. Сондықтан шешім шығарған уақытта судьялар 11 шілде 2003 жылғы ҚР Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» №5 Нормативтік қаулысының талаптарын қатаң басшылыққа алуы қажет.
Семинар барысында Орал қалалық №2 сотының судьяларының істі сот отырысына дайындау жұмыстарын ұйымдастыру туралы  баяндамалары тындалды. Баяндамашылар істердің жекелеген санаттары бойынша мысалдар келтірді.  
Баяндамашылар тыңдалғаннан кейін шараға қатысушылар, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының кейбір Нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі талқылап, семинар соңында Жоғарғы Сотқа аталған тақырып бойынша сұрақтар әзірленді.
Шара соңында облыстық сот судьясы Есенбай Боранбаев оқытудың маңыздылығын атап өтіп, базалық соттың судьяларына жемісті жұмыс тіледі.  

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі