Батыс Қазақстан облысының судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы жас судьялармен семинар-кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы судьялар Одағы филиалының судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Хабиболла Аманқұлов Орал қаласының №2 сотында жас судьялармен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық соттың судьясы Х. Аманқұлов, судья жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді үндестігін қамтамасыз ететін, тәуелсіз сот төрелігін қолдауға негіз болып табылатын, жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне сенімін нығайту мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсетуге және ұстануға міндетті екенін атап өтті.

Жас судьяларға ел Президентінің қойған негізгі міндеттерін еске сала отырып, спикер сот істерінің қаралуын жеделдету, сот өндірісін жеңілдету және бюрократиялық рәсімдерді азайту бойынша сот жүйесінің алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Сондай-ақ, кеңесте облыстық сот судьяларының сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша сөйлеген сөздері тыңдалды.

Орал қаласының № 2 соты судьяларының судья әдебі мен мінез-құлық ережелерінің нормаларын сақтау мақсатында, судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Х. Аманқұлов, кәсіби және этикалық нормаларды кез келген бұзушылық, заңға сәйкес судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылатынын, ал судьяға қатысты азаматтардың өтініштері бойынша заң бұзушылық үшін, қоғамдық ықпал ету шаралары қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.

Семинар-кеңес барысында спикерлер судьялармен кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ұйғарымдар дайындады.

и с судьями суда рекомендации по совершенствованию профессиональных навыков.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі