Батыс Қазақстан облыстық сотында жаңа әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша конференция болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік және әкімшілік іс жүргізу заңнамасының ережелерін қолдану» тақырыбында конференция өтті.

Конференция жұмысына облыстық, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Конференция жұмысын азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев алғы сөзбен ашты.

Шараға қатысушылар алдында «Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі новеллалары» тақырыбында Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы  Ғ. Ищанов баяндама жасады. Өз сөзінде ол жаңа ӘҚБтК  әкімшілік заңнаманы қалыптастыруға бағытталғандығын атап өтті.

Сонымен бірге конференцияда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген соң қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау мәселелері талқыланды. Осы тақырыпта Бөрлі ауданы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Қ. Өтешев баяндама жасады.

Конференцияда сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, атом энергиясын пайдалану саласындағы, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың шет мемлекеттердің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыретті мекемелермен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар жаңа әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты басқа да мәселелерді де талқылады.

Конференция соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған бринфинг болды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі