Батыс Қазақстан облыстық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында алқа төрағалары мен облыстық сот судьяларының, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының, БҚО бойынша соттар әкімшісі басшысының қатысуымен  БҚО соттарының 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңейтілген кеңесті алғы сөзбен ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов сот қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары- республика соттарының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын сегіз бағыты бойынша сапалы сот төрелігінің мониторингіне тоқталды.

Кеңес барысында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов 2017 жылдың  бірінші жартыжылдығында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірінші сатыда және апелляциялық сатыда қаралған істердің қорытындысының 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырмалы мәліметтері тыңдалды.

Сонымен қатар, судья әдебі жөніндегі комиссия жұмысының, соттардың БАҚ-пен жұмысы, БҚО бойынша Соттар әкімшісінің соттардың материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттары тыңдалды.

Облыстық соттың төрағасы кеңейтілген кеңесті қорытындылай келе, облыс судьялары корпусының алдына сот төрелігін сапалы атқару міндетін қойды. Облыс соттарында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға және сот ісін жүргізуге ендірілген инновациялық технологияға ерекше мән беріп, судьяларды әдеп Кодексін қатаң сақтауға шақырды.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: