Балаларды қорғау күніне орайластырылған қайырымдылық шарасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қаратөбе аудандық сотының ұжымы психологикалық-педагогикалық түзеу кабинетінде болып қайтты.

Балаларды қорғау күні – балалардың көңілін көтеру ғана емес, барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің саналы, адал азаматтары болуы үшін балалардың құқығын қорғау қажеттілігін қоғамға ескерту және мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлайтын мерекелердің бірі.

Кездесу барысында сот мамандары балаларды айтулы мерекемен құттықтап, оларға тәттілер ұсынды. Ал, балалар өз тарапынан қонақтарға мерекелік концерт көрсетті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі