Соттардың 2020 жылғы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Бәйтерек ауданының №2 сотында «Ауыл тынысы» аудандық газетінің тілшісі қатысуымен сот жұмысының 2020 жылғы 12 айылық бойынша брифинг онлайн форматында өткізілді.

Брифинг барысында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.

Мәселен, есепті кезеңде сотта барлық 81 қылмыстық іс (2019 ж. – 97), 418 азаматтық (2019 ж. – 490) және 493 әкімшілік іс (2019 ж. – 631) қаралды.

Сондай-ақ, спикер дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі, татуластыру рәсімдері мен соттағы инновациялық технологиялар туралы айтып, аталған мерзімде 75 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылғанын, оның ішінде 1 қылмыстық, 23 азаматтық және 51 әкімшілік іс қысқартылған. Сондай-ақ, спикер тілшіге ҚР заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Б.Жәңгірова келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін аттыру үшін барлық шаралар қолданылатынын айтты.

Тасқала аудандық сотының төрағасы Асланбек Дюсингалиев 2020 жылдың 12 айында  сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша ойлайн режимінде «WhatsApp» мобильдік қосымша арқылы  прокурор Қ.Темірбай, қорғаушы А.Таужанова және «Екпін» аудандық газетінің тілшісі Б.Сапарғалидің қатысуымен  брифинг өткізді.

Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстары туралы есептік көрсеткіштерін хабарлап, қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.

Мәселен, есепті кезеңде сотта 57  қылмыстық іс, 173 азаматтық және 287 әкімшілік іс қаралды.

Спикер татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мақсатында 6 қылмыстық, 21 азаматтық және 34 әкімшілік істер медиация тәртібімен қысқартылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, 16 наурыз 2020 жылдан бастап дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізуіне байланысты  барлық істер бойынша тараптар сот ғимаратына келмей, онлайн режимінде «Truconf» және «WhatsApp» мобильдік қосымша арқылы  қатысып қаралғанын атап өтті.

Брифинг соңында төраға Асланбек Дюсингалиев шараға қатысушылардың қойылған сұрақтарға жауап беріп, сот билігінің имиджін арттыру үшін барлық шаралар қолданылатынын айтты.

Сондай –ақ, Жаңақала аудандық сотында 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн режимінде «WhatsApp» желісі арқылы Жаңақала ауданының құқық қорғау органдарының өкілдерінің және «Жаңарған өңірі» газетінің тілшісі А.Хамзинаның қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы 2020 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асырудағы статистикалық мәліметтер бойынша ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ, Сабыржан Есжанов азаматтық істер бойынша өкінішке орай неке бұзу және келісім-шарт бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық істердің артқанын, және сотқа келіп түскен әкімшілік істердің негізгі бөлігін отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер мен жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар алып отырғанын, алдағы уақытта құқық қорғау органдарына осы бағытта әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алудағы іс-шараларды жетілдіруді қажеттілігіне тоқталды.

Бұған қоса, төраға қазіргі уақытта әлемде болып жатырған пандемия уақытында сот қызметкерлерінің және сотқа қатысушы азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Жаңақала аудандық соты электронды сервистер арқылы жұмыс жасағанын, яғни құжаттарды электронды түрде қабылдаумен қатар, сот отырысын қашықтықта өткізілгенін атап өтті. Брифинг соңында сот төрағасы Сабыржан Есжанов сот жүйесіндегі жаңашылдықтармен бөлісе отырып, шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Казталов ауданының №2 аудандық сотында 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша жергілікті «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, билер кеңесінің мүшелері, кәсіби емес медиаторлардың  қатысуымен брифинг өтті.

Іс-шараны ашық деп жариялаған сот төрағасы Айвар Бижанов осы кезеңде қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді өткен есептік кезеңмен салыстырып жариялады.

Баяндамашының айтуынша, жалпы, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің  қаралуы бойынша төмендеу байқалады, оған, сөзсіз, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиация әсер етеді.

Кездесуді қорытындылай келе, А.Бижанов сот төрелігінің алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын атап өтіп,  шара қатысушыларына  ынтымақтастық үшін алғыс айтып, әрі қарай қоғам игілігі үшін ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.

Казталов аудандық сотының төраға м.а Ұмсын Мұханғалиева БАҚ өкілінің қатысуымен онлайн режимінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Шара барысында төраға м.а өткен жылмен салыстыра отырып, 2020 жылдың 12 айында қаралған істердің статистикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті.   

Статистикалық мәліметтерге сай, аудандық сотпен 2020 жылдың 12 айында 25 қылмыстық іс, 113 азаматтық іс, 210 әкімшілік іс қаралып, істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.       

Сонымен бірге, спикер тілшіге өткен Қазақстан судьяларының VIII съезінде іске асырылған жедел шараларды, жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау, соттардың қорытынды шешімдерінің жаңа форматы және оларды түсіндіру, соттар жұмысындағы негізгі бағыттарды, атап айтқанда қоғаммен кері байланысты дамытуға, жаңа судьяларды іріктеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселелер талқыланғанын айтып өтті.            

Жәнібек аудандық сотының төрағасы Асель Жамантаева «ZOOM» платформасында 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы онлайн-брифинг өткізді.

Спикер, аудандық соттың қашықтықтан қараған, оның ішінде бітімгершілік рәсімдерін қолданумен аяқталған істер бойынша статистикалық мәліметтерді баяндады.

Іс-шараны қорытыңдылай келе, Әсел Жамантаева 2021 жыл болжамды сот төрелігі мен әкімшілік әділет жүйесін құру жылы болатындығын айтып өтті.

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Миржан Қадырбаевтың қатысуымен 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өткізілді.

Төраға өткен жылы сотпен 44 қылмыстық істі қаралып, 1 іс соттылығы бойынша жолданды, 117 азаматтық іс қаралып, оның ішінде медиация тәртібімен 11 іс қысқартылды,  сонымен қатар 362 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскенін баяндап және жылдың соңына қарай қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тағайындалған жазалар толық көлемде орындалғаның атап өтті.

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотымен 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Жиында сот төрағасы аталған жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге, сот өндірісін электронды форматта жүргізуге көшудегі, сондай-ақ, сот жұмысының басты бағыттарының бірі – дауды бітімгершілік рәсімдері арқылы шешудегі көрсеткіштерге тоқталды.

Сонымен қатар, сот төрағасы сотқа келіп түскен барлық талап арыздар, арыздар және әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер «Сот кабинеті» сервисі арқылы 100 пайыз электронды түрде келіп түскенін және барлық сот отырысында аудио және бейне жазба құралдарын пайдаланылғанын атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі